Сенбі, 27 Сәуір 2024
Білгенге маржан 8541 0 пікір 9 Ақпан, 2016 сағат 11:36

МАСКҮНЕМДІККЕ БАСТАЙТЫН ӘРЕКЕТТЕР

Ешкім маскүнемдікке шалдығуды мұрат тұтпайды. Бірақ ұрттап-татып жүріп те маскүнемге айналып кетуіңіз мүмкін. «Сәл-пәл дос жарандар жиналғанда ішетінім бар» деп ақталасыз ба? Ондай  ұрттап-татудың да  салдары болатынын есте сақтаған жөн.

Атам қазақ әу баста ішімдікке жақындығы жоқ еді. Аумалы-төкпелі заман  оған да үйретпей қоймады. Міне, содан бері  аты жаман «сусын» жақын досымыз,  әлде сырласымыз дейміз бе? Не десек те, жанымыздан табылатыны өтірік емес. Бұл жайында жазылып та, теледидардан айтылып та жатады. Бірақ нәтиже жоқтың қасы. Білмеймін, бұның жаман әрі кері жағымсыз жақтарын біле тұра ішу- ол біз үшін күнә деп санаймын. Себебі оның арты жақсылыққа апармайтыны бәрімізге белгілі.

Психологиялық жағынан қандай әсері бар дегенге, бірінші кезекте ой-сана бәсеңдейді. Сонымен қатар, көру және есту мүшелері нашарлайды. Көз алдына бейнелер, елестер пайда болады. Есте сақтау қабілеті төмендейді.

АРАҚ ДЕНЕГЕ ТҮСКЕННЕН КЕЙІН БАУЫРДАҒЫ ФЕРМЕНТ БӨЛУШІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТЫП, ЭТОНОЛ БӨЛІНІП АҒЗАНЫ ЗАҚЫМДАП, УЛАНУ РЕАКЦИЯСЫНА ҰШЫРАЙДЫ. АЛ БҰНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ – АДАМНЫҢ ҰЙҚЫ БЕЗІ БҰЗЫЛАДЫ.  СОНЫМЕН ҚАТАР ЖАМАН ТҮСТЕР КӨРІП, АЙҒАЛАП, ЫҢЫРСЫП ДЕМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БОЛМАЙДЫ. БЕЙНЕ БІР ЖАМАНДЫҚ БОЛАТЫНДАЙ СЕЗІНЕДІ.

Осы ішімдікке салынған адамдар жайында бірнеше түрге және топқа бөліп, зерттеген ғалымдардың мысалына тоқталып кетсем. Маскүнемдерді мынадай  түрлерімен анықтаймыз:

  • Созылмалы маскүнемдік. Ол дәстүрлі ауру, күнделікті үлкен

көлемде не болмаса кіші көлемде міндетті түрде ішетін адамдар. Созылмалы маскүнемдікте адам ішімдіксіз өзін елестете алмайды және айналасындағы жақын туған- туыстары да  бұл жайында біледі. Бұндай адам өзінің қатесін ешқашан мойындамайды, сонымен қатар әрқашанда ішуге сылтау табады.

  • Салынып ішетін маскүнемдік.Маскүнемдіктің бұл түрі кеңінен

таралған ауру.  Бұндай аурумен көбінесе  күзеліске, уайымға, отбасылық мәселелерге, жұмыс барысында туындаған мәселелерге шешімін таппай ішімдікке салынып кетеді. Бұдан шығу үшін медицинаның көмегі немесе жақындарының көмегін қажет етеді.

  • Жасырын маскүнемдік. Жасырын маскүнемдіктің негізі салынып

ішетін маскүнемдік немесе созылмалы маскүнемдікте жатыр. Сырт көзге ішімдікті ішпейтін адамға ұқсайды. Бұндай ауру көбінесе әйелдер, мансаптағы адамдар және танымал адамдарда кеңінен кездеседі. Өзін өзгелерден өзгеше санайтындар маскүнемдігін жасырғысы келеді десе де болғандай.

  • Сыра маскүнемдігі. Күнделікті үш немесе төрт шыныдан ішетін

адамдар сыра маскүнемдігіне душар болады. Бұл түрдегі адамдар өзін жоғарыдағы маскүнемдіктердің  қатарына жатқызылмаймын деп санайды. Бірақ солардың бірі екенін білмейді.

Маскүнемдіктің қай түрін алсақ та, адам денсаулығына және психологиясына әсер етпей қоймайды. Осы тұрғыда маскүнемдіктерді үш топқа бөліп қарастырады.

Альфа – бұл топқа өзіне тән күнделікті ішімдіктің жеңіл түрін қабылдаушы адамдар. Бұндай адамдар таңғы ас алдында, түскі ас алдында және кешкі аста бір бокал шараптан ішетіндер. Әрқашан көңіл күйлері көтеріңкі жүру үшін. Бұндай адамдарда ішкені және ішпегені білінбейді. Көбінесе Еуропада кеңінен тараған.

Бетта – бұл маскүнемдікке альфадан қатты  айырмашылығы жоқ. Себебі альфада шараппен шектелсе мында спирттік құрамы кішкене жоғарлау. Мысалы, сыра маскүнемдігіне жатқызсақ болады. Сонымен қатар ликер, шарап және сидра шараптарын жатқызамыз.

Гамма. Гамма маскүнемдігінің спирттік мөлшері өте жоғарғы болып келеді. Бұл кезде адам өз тепе-теңдігін ұстай алмайтын дәрежеге жететін болады. Сонымен қатар, айналасында не болып жатқанын сезбейді. Өз ісіне өзі жауап бере алмайды. Бұндай топтағы  адамдар ішімдікке жақын келеді.

Сонымен ішімдікке салынатын адамдардың бірнеше топтар мен түрлерге қарастырып шықтық. Сонда өзімізді қай санаттағы маскүнемдікке жатқызамыз? Бұл дегеніңіз жазылуы өте қиын дерт. Өзін ғана емес айналасындағы жандарға кесірін тигізетін зат. Осы маскүнемдіктің жемісін жеген, жетістікке не болмаса шыңға шықты дегенді көрмедім.

Адам баласының тағдыры өз қолында, не істеймін десе өзі беледі. Қаласа тура жол, қаламаса жаман жол. Енді өзімізді бір көз алдымызға елестетіп, не болмаса айнаға бір қарап көрейікші. Мен не істеп жатырмын, кімге қандай тәрбие беріп жатырмын, ертеңгі ұрпағым не болмақ деген сияқты сұрақтарға жауап берейік. Сонда ғана шешімнің жауабын таба аламыз.

«Алауинформ»

 

0 пікір