Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2245 0 пікір 10 Маусым, 2010 сағат 05:38

Үкімет тауарлардың жекелеген түрлеріне экспорттық кедендік баж салықтарын бекітті

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан үкіметі тауарлардың жекелеген түрлеріне экспорттық баж салықтарын бекітті. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов қол қойған үкіметтің тиісті қаулысы бейсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрді.

«Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР тауарларының жекелеген түрлерін эскпорттық кедендік баж салықтарының осы мөлшерлемелерін бекітуді. 2. Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын экспорттық кедендік баж салықтарының мөлшерлемелерін ҚР жекелеген тауарларына эскпорттық кедендік баж салықтарына мөлшерлемелерге қосымшаға сәйкес белгілеуді», - делінген құжатта.

Тізімге қара метарлдардың сынықтары мен қалдықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары); теміржол немесе трамвай жолдарында қолданылатын қара металл бұйымдары; алюминий және оның қорытпалары, осы металдан жасалған бұйымдар; теміржол локомотивтерінің немесе трамвай немесе қозғалмалы құрамның мотор вагондарының бөліктері; ірі қара малдың өңделмеген терісі және тағы басқалары енгізілді.

Уақытша негізде қолданылатын экспорттық кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері қаулының басқа қосымшасында баяндалған. Бұл тізімге ауыр дистилляттар кіріп отыр: түрлі мақсаттарға арналған газойлдар (дизель отыны). Оларға салықтың мөлшерлемесі жыл сайын 15 ақпан мен 15 қазан аралығындағы кезеңге 1000 кг үшін 130 еуро деп белгіленді. Ауыр дистилляттар: түрлі мақсаттарға арналған сұйық отындарға (мазут) мөлшерлеме жыл сайын 15 сәуір мен 15 тамыз аралығындағы кезеңде 1000 кг үшін 15 еуро көлемінде белгіленді.

Қаулыда кедендік баж салықтарын өзгерту және бекіту сыртқы сауданың тиімділік көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюктурасына байланысты және Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатыны айтылған. Кедендік баж салықтарын қайта қарауға өтініштер ҚР экономикалық даму және сауда министрлігіне қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленген форма бойынша берілуге тиіс.

Премьер ҚР сыртқы істер министрлігіне екі аптаның ішінде Еуразия экономикалық қоғамдастығы интеграциялық комитетінің хатшылығына ҚР үкіметі қолға алып отырған сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарлауды тапсырды.

Қаулы алғаш рет ресми жарияланғанннан кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір