Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2304 0 пікір 9 Маусым, 2010 сағат 05:05

«Азат» ЖСДП президентке Қазақстанның Кедендік одаққа қосылуына мораторий жариялауын және осы мәселе бойынша референдум өткізуін сұрайды

Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ - «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Қазақстанның Ресей мен Беларусия Кедендік одағына (КО) қосылуына мораторий жариялау керек деп есептейді, сондай-ақ республиканың КО -ға кіруі мәселесіне жалпыұлттық референдум өткізу керек деп есептейді. Оппозициялық партяи осындай ұсыныспен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

«Біз республикамыздың Кедендік одақ құрамында жұмыс істеуіне мораторий жариялау керек деп есептейміз және қабылданатын шешімдердің салдарын тағы бір саралап көру керек», - делінген партияның сейсенбі күні таратқан үндеуінде.

«Қазақстанның Кедендік одақта болуы мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығару» керек, - дейді «Азат» ЖСДП.

Оппозициялық партия КО Қазақстанның ұлттық мүддесіне ауқымды қауіп төндіреді деп есептейді.

Құжатта 2010 жылы 1-ші маусымда бастау алатын Кедендік одақ (КО) жұмысында Қазақстан мен Ресейдің ғана қатысып отырғаны атап көрсетіледі. Беларусь КО жұмысында шектеулі режимде ғана қатысады. Бұл ретте РФ ішкі жалпы өнім көлемі Қазақстан өнімдерінен 12 есеге артып тұр, Ресейдің экспортындағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі қазақстандық сондай көрсеткіштен бір деңгейге артық, Ресей мен Қазақстанның ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі тиісінше 17 және 10% құрайды.

«Кедендік одақ жағдайында Ресейдің осы түбегейлі артықшылықтары біздің бұғанағы бекімеген экономикамызға міндетті түрде ақырын экспанисияға айналатыны айдан анық. Өте дамымаған отандық өндіріс толық күйреу жағдайында қалады», - деп сенеді «Азат» ЖСДП.

Азаттықтар, атап айтқанда: «Ресеймен бәсекелестікте Қазақстан, Беларусия мен Украинаға қарағанда қандай артықшылықта болады?, - деген сауалға нақты жауап алу керек деп есептейді. «Минск өзінің экономикалық мүддесін Ресеймен одақтас мемлекет аясындағы міндетіне қарамай, өте белсенді түрде қорғап отыр. Киев РФ-мен саяси жақындасуға деген жылжу векторына қарамай, Кедендік одақтан іргесін аулаққа салды. Және бұл, осы елдердегі Ресеймен салыстырғанда әжептәуір бәсекелес өнеркәсіптік өндіріс ұлттық өнімнің  70%-ын беріп отырған жағдайда! КО-ға мүшелік идеясын ТМД-ның ешбір елі қолдаған жоқ», - делінген елбасына арналған үндеуінде.

Партия үкіметтен Қазақстанның Кедендік одаққа мүшелігінің барлық салдары мен олардың қолданып отырған шараларын, оның ішінде ең алдымен тұтыну бағаларының өзгеруі тұрғысынан, отандық тауар өндірудің бәсекеге қабылеттілігі мен преспективасын  нақты айтып беруін талап етеді. «Біз Қазақстанның Кедендік одақта қатысуының маңызды шарттарының бірі - аграрлық сектор субъектілерінің, атап айтқанда оларды 5 жыл бойына салықтан босату арқылы, шағын және орта бизнестің нығаюы болуы керек деген өз пікірімізде тұрамыз. Мемлекеттік бюджеттің тиісті жоғалтуларын қолданыстағы келісімшарттарды қайта қарау арқылы мұнай өндіруші, тау-кен және металлургиялық компаниялардың жеңілдіктері мен барлық преференцияларын алып тастау жолымен толытыру керек», - делінген құжатта.   

Президентке қаратып, «Азат» партиясы, дәл елбасының өзінен «ел азаматтары миллиондаған қазақстандықтарды толғандырып жүрген мәселеге - Кедендік одаққа кіру ақырындап ел тәуелсіздігінен айрылуға әкелмей ма?, - деген сауалға жауап күтетінін атап көрсетеді. 

«Біз, осы ел тағдыры үшін өте маңызды мәселелер қоғамда демократиялық саяси партиялар мен тәуелсіз сарапшылар қауымдастықтарын қоса алғанда, кең ауқымды талқылануы тиіс деп есептейміз», - делінген үндеуде.

0 пікір