Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3276 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:01

Жолдардың жағдайы жақсарады

«Жол картасын» жүзеге асыру ауқымында қарастырылған дағдарысқа қарсы шаралардың бірі – республикалық және жергілікті дәрежедегі жолдар құрылысы мен қайта жасау және жөндеу болып табылады.  Осы бағыттағы жұмыстардың ұйымдастырушысы әрі әкімшісі болып Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы танылған болатын. Қазіргі кезде басқарма ұжымы 2449 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 48 жобаны жүзеге асыруға қатысты дайындықты аяқтап, алғашқы жұмыстарды бастап кетті.
Алматы облысындағы осынау аса маңызды бағыт бойынша инфрақұрылымдарды дамыту үшін 2,8 млрд. теңгені игерілуі керек. Қомақты қаржының 1,1 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылып отырса, қалған 1,7 млрд. теңге – республикалық бюжеттен бөлінген мақсатты трансферт. Жобалар арасында  облыстық дәрежедегі 29 автожол мен аудандық дәрежедегі 19 автожол бар. Сонымен бірге елді мекендердегі көшелер мен жолдар жөнделіп, абаттандырылады.

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір