Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4549 1 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 22:35

"РУХ" - спектакль-лекцияға келіңіздер!

Ақпан айының 23-ші жұлдызында сағат 19:00 де Алматы қаласындағы К.Кужамьяров атындағы музыкалық комедияның Республикалық мемлекеттiк үйғыр театрының сахнасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай инновациялық жаңаша формада ұсынылған «Рух» атты камералық, эксперименталды спектакль-лекция қойылмақ. 
Неміс театрының Қазақ хандығының 550-жылдығына арнап жасаған, дәріс-қойылымның қызықты әрі жарқын формасы – «Рух» инновациялық қойылымы Қазақ тарихына сапар шектіреді. Өткеннің қатпарлы иірімдеріне оралтатын, қазақ халқының драматикалық тағдырына жетелейтін сюжет, заманауи театрдың жарық амал-тәсілдері: хореография, пластика, музыка, жарық және мәтінмен берілген. Ежелгі сақтардан бастап Алаш Ордаға дейін, Шыңғыс ханнан Жоңғар шапқыншылығына дейін – тарих көрерменге қазақ халқының тағдырын жарқын және көрнекті етіп, оның еркіндік және тәуелсіздік үшін күресін, бүкіл әлемдік тарих сахнасында ұлт ретінде қалыптасуын көрсетеді. 
Елімізде тарихи сананы қалыптастыру – ел бірлігінің кепілі, ол тұтас руханиятқа жеткізеді. Осы тұрғыдан алғанда «Алтын тобылғы» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургиясы» аталымының иегері, заманауи қазақ драматургы Әннәс Бағдаттың пьесасы бойынша қойылған аталмыш спектакль қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, төл тарихымыз арқылы жас ұрпақ санасын оятып, рухтандыратын заманауи туынды.
Ендеше, өткеніміз бен бүгініміз арасындағы байланыс тамырын тармақтап, халқымыздың бойындағы отансүйгіштік сезімін оятатын қойылымға шақырамыз!

Автор: Әннәс Бағдат 
Режиссер: Есләм Нұртазин 
Режиссер-хореограф: Әсел Абакаева 
Сахна сайысын қоюшы: Мақсат Рахмет 
Суретші: Әйгерім Бекмұхамбетова 
Композитор: Ұшқын Жамалбек

Актерлер: Қазахстанның еңбек сіңірген қайраткері – Кульбану Ашимова, Александр Дар, Тимур Бонданк, Ксения Мукштадт, Толгонай Бейсембаева, Галина Табала, Акыл Чолпонбаев, Юлия Тейфель,Исаев Мирас, Родион Янцен.

Бас режиссер – Н.Дубс

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2402
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1963
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576