Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 6109 0 пікір 23 Ақпан, 2016 сағат 11:15

23 АҚПАН ЖАЙЛЫ...

Бүгін Фейсбукта жазба жазатын 2 топ жайлы: санасы коммунизммен уланып қалғандар және санасы тазарып, коммунизмді ұмытқандар.

Мың жерімнен орысша сөйлейтін қазақтарды жақтап алғым келсе де, бәрібір олар тіл арқылы КСРО идеологиясын да сіңіріп, миынан шығаруы оңай емес. Оларға қазақша жазатындардың бәрі "нацпат", деңгейі төмен білімсіз, ауылдан келген дым көрмеген болып көрінуі мүмкін. Бірақ 4-5 тіл білсе де, әдейі принциппен қазақша жазатындар көп.

23 ақпан - жай ғана қыстың соңғы күндерінің бірі. Оның ресми түрде тойланбайтынына 25 жыл болды. Жиырма бес жыл! Ширек ғасыр! Ал орысша жазатын, сөйлейтін жастар мен сол кездегі ностальгиясын естен шығара алмайтын 50 жастан асқан ағайындар бір-бірін Кеңес Одағының армиясы күнімен құттықтап әуреленеді.

Бұндай жазбаны жазғым келмеген-ақ. Конфликттен барынша қашамын. Дегенмен... Болмады. Себебі "С Днем Защитника Отечества" деген қып-қызыл Кеңес Одағының жұлдызы бар суретті 92 жылы туған отандасымыздың бөлісіп отырғанын көргенде, шыдай алмадым. Еліміз Тәуелсіздік алған соң туған адамның бұлай жазуы үлкен мәселенің бар екенін білдіреді. Санасы уланып қалған. Оған түк емес болуы, одан бір үлкен мәселе көрмеуі мүмкін. Мен өз басым сол кісілердің қай елде тұрып жатқанына басы ауырмайтынына, сол елдегі заң-ережелерді сыйламайтынына көзім жетті. Қазақ елінің болашағына алаңдайтынына да күмәнім бар!

Нұрлан Жанай

Facbook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар