Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3535 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 07:50

ҚЫРҒЫЗ СІМ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ РЕНІШІН ЕСКЕРІП ЖАТЫР

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Бас консулдыққа тексеру жүргізеді. Осылай деп СІМ статс-хатшысы Данияр Сыдыков Алматыдағы қырғыз диаспорасы өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

Оның сөзінше, министрлік Қырғызстаннан тысқары жүрген азаматтарының құқықтарының қорғалуына аса көп мән беріп келеді.

Статс-хатшы жақын күндері Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі  Алматыдағы Бас консулдыққа арнайы комиссия жіберетінін хабарлады. Комиссия сонымен бірге Алматыда жұмыс істеп жүрген отандастарымен де кездеседі екен.

Еске сала кетейік, бұның алдында  Алматыдағы қырғыз диаспорасының өкілдері, Қазақстанда жалданып жұмыс жасайтын гастарбайтерлер   Бас консулдықтың жұмысын сынаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар