Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3911 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 08:35

АЛМАТЫДА ҰҚК-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ АТЫЛЫП ӨЛДІ

Аты-жөні мен шені әзірге жарияланбай жатқан әскери жұмыс кабинетінде өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды КТК.

Марқұм Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасында қызмет атқарыпты. Оқыс оқиға тапатал түсте  әкімшілік ғимаратта болған. Шекарашы өзін қақ шекеден атып жіберген. Офицердің аты-жөнін әріптестері әзірге айтқан жоқ. Тек суицид жасады деп болжап отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір