Сенбі, 27 Сәуір 2024
Алашорда 70067 5 пікір 17 Қыркүйек, 2015 сағат 19:48

ҚЫПШАҚ ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР?

Қыпшақтың тегі – Қазақ.  Қыпшақ, Қазақ, Ғұн, Сақ,  Алаш, Түркі – синоним. Бәрі бір ел, бір ұлттың балама атаулары, бәрі бір Атаның, яғни Қазық жұртта (Қазақ даласында) отырған ұлы елдің  ұрпағы.  Оны батыстықтардың Қумандар деген атауынан да айқын көруге болады.

 

Энциклопедиялық деректе «Қыпшақ даласы – Днепрден шығысқа қарай Жетісу өлкесіне дейінгі ұлан ғайыр кеңістік, бұл далада түрік тектес – көшпелі қыпшақтар мекендеген. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды «далалықтар» (половцы), батыста оларды «кумандар» деп атады. Венгрияда «Ұлы Кумания», «Кіші Кумания» атты облыстар бар» делінеді.

Алайда, қыпшақтардың шығу тегі жөнінде бүгінгі тарих ғылымында көкейге қонатындай етіп түбегейлі тиянақталған бірде бір тұжырым жоқ.  Мысалы:

1. «Оғыз ханның бір бегі соғысқа әйелін алып барып еді. Өзі ұрыста өліп, қатыны қашып

құтылып, екі судың арасында тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн суық еді, кірейін десе үй жоқ,  іші шіріген бір үлкен ағаштың қуысына босанды, ұл тапты. Мұны естіген хан: «Әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы жоқ» деп атын Қыпшақ қойып, өз қамқорлығына алды. Түркі тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде туғандықтан, атын Қыпшақ қоюы содан еді. Бұл кезде іші қуыс ағашты шыпшақ дейді. Қара халық тілі келмегендіктен к-нің орнына ш-айтып кеткен. Бұл баланы хан өз тәрбиесінде ұстады, жігіт болғаннан соң көп ел және нөкер беріп, Оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқұр елдеріне жіберді.  300 жыл Дон мен Еділ атты екі үлкен өзеннің жағасында патшалық етті. Барша қыпшақ елі соның нәсілінен шықты. Оғыз ханның заманынан Шыңғыс ханның заманына дейін Дон, Еділ, Жайық аталатын бұл үш судың жағасында қыпшақтан өзге ел жоқ  еді. Ол жерде қыпшақтар төрт мың жылдай отырды, сондықтан ол жер Дешті қыпшақ (қыпшақ даласы) деп аталды». (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», 19-20 беттер). 

Бәрі көкейге қонымды. Көкейге қонбайтыны «Түркі тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде туғандықтан, атын қыпшақ қоюы содан еді. Бұл кезде іші қуыс ағашты шыпшақ дейді. Қара халық тілі келмегендіктен к-нің орнына ш-айтып кеткен» дегені. Шыпшақ деген іші қуыс ағаштан тұтас бір хандық (мемлекет) атауы дүниеге келіпті дегені менің көңіліме қонар емес.

2. «Қыпшақ. Бұл қаңлыдан бөлініп елсіз бос жерге кеткендіктен қыпшақ атанған. Мағынасы – бос, шөл, елсіз деген сөз. Шыңғыс ханнан көп бұрын Еділ-Жайық маңына барып, бір патшалы жұрт болып тұрғанда, Жошы хан алып қаратқан. Солардың атымен ол жақ Дәшті қыпшақ атанған. Қыпшақ рулары: тоқсаба, сита, боржоғлы, анжоғлы, дөртқара, барұғлы, жүзнан, қотан, борлы, қаноғлы, орта жүзде әр жерде азғана қыпшақ бар болса да, қай руынан екенін білмеймін, қыпшақтың азайған себебі әр түрлі түрік халқына қосылып кеткендіктен, көбі ноғай мен өзбек болып кеткен» (Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» Алматы-1991. 35 бет). 

Уәж: Елсіз жатқан бос жердің  атауынан тұтас бір хандық (мемлекет) атауы дүниеге келіпті дегені де көңіліме қонар емес.

3. «Қыпшақ-қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.

Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр ХҮ-ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілқайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қыпшақтар қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, әзірбайжан, түрікмен, балқар т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген қыпшақтар негізінен Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Торғай аумағын мекендейді. Қыпшақтардың ұраны - «Ойбас», таңбасы – екі сызық (11) (М. Даутбаев «Қазақ шежіресі» Шымкент-2012. 39 бет). 

 4. «Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ (Кимек)  қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді» (Қыпшақтар. Уикипедия ашық кітапханасынан).

5. Қыпшақ хандығының тарихы «Қыпшақтар тарихы кітабында»  былайша беріледі:  «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.

656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары қимақтардың басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды қимақ мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. қимақ мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен қоса өріледі. (Қате тұжырым. Қимағы да, Қыпшағы да бәрі бір ел. Сөз түбірінде «Қи», «Ки», «Ги», «Қы» деген түбірі бар елдердің бәрі Қиянның (Қияттың) ұрпағы. Қияттың түп мағынасы Қи-Ад, яғни Қи Адай. Олар тарихта Қидан атауымен де белгілі. Қи тайпасының шығу тегі өте әрі де.  Қазақтың Қиыр Шығыс дейтіні, яғни шығу (басталу), соған сәйкес күннің шығуы дейтін ұғымымыз тек қана осыны білдіреді. Бұл дауға жатпайды. Себебі, біздің сөздік қорымызда Қиыр батыс деген сөз жоқ. Енді осының үстіне, бұл сөздің Қиыр шетте, яғни өте алыста деген мағына беретінін және малдың құмалақ, тезегінің кеуіп, қатып, нығыздалып, құрғап отқа жағуға жарамдысын «қи» деп атайтынын қосыңыз. Іс-әрекеттің балама атауы «қимыл», Оңтүстік Батыс Азиядағы Гималай тауы атауы солардан қалды. Бұлар Қиянның толып-толысқан ұрпағы Қият - қыпшақтардың «авторлық» құқы. Әлемге әйгілі Шыңғыс қаған шыққан ру (Қият) осы. 

XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты тарағаннан кейін, қимақ, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысындағы жазба деректерде бұрын осы жерде Оғыздар аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.

Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба (Тоғыз, Тобыш М.Қ.) рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі (Келімберді, Алшын М.Қ.) руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:

1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;

2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;

3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.

XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар (Қидан, Қиян, Қияттар М.Қ.), баяндурлар, баяуыттар (байұлылар М.Қ.), қаңлылар (Маңғыстаулық Қаңғалықтар (М.Қ.), ұран (Тұран М.Қ.) тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.

 Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтатты (Қате тұжырым, тоқтатқан жоқ, керісінше ары қарай дамытып, жалғастырды. Себебі, жоғарыда айтқанымдай Қыпшақ, Қимақ, Қидан, Қиян, Қият бәрі бір ел, бір атаның баласы. Шыңғыс қаған шыққан ру атының Қият болатыны да осы. Бәрінің «Қи», «Қы» делініп, бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді).

Қоныстануы: XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.

Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.

Хандықтың құрылуы: Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды (Қате тұжырым. Ол соғыстардың тұтануына Қыпшақ хандығының құрылуы себеп болған жоқ. Керісінше, көптеген себептердің салдарынан барып Қыпшақ хандығы құрылды, қазақ деген ұлтты жоғалтып алмау үшін).

XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.

Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы.

Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі (Шыңғыс қағанның арғы атасының есімі Бөрте Бөрі екендігін еске алыңыз М.Қ.)  деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.

Қоғамдық құрылымы: Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихшысы) хабарына қарағанда, жеке адамдардың мүлкіне қол сұққан адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқықтың (төрелік айту) нормасы, олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған. (Оларда да қазақтың ежелгі «тоғыз-тоғыз» қағидасы қолданылған М.Қ.).

Қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. (Ер-азамат деген ұғым күні бүгінде де қолданыста жүрген жоқ па? М.Қ.).

Қыпшақ хандығы  көнетүрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

Ал тіл мен жазуға келсек, Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымының зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған.

Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Түркі жазуы бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұрады (Руна жазбасы, ру деген сөз түбірі айтып тұрғандай бастауын қазақтың рулық таңбасынан алады М.Қ.).

Түркі дәуірінен қалған «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандарды Қазақ халқы өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

Түркілер арасынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб әліппесімен жазылған.

Діни нанымдары: VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табынғанын және олардың о дүниелік өмірге сенгендіктерін көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет – ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқала бастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттың төрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынғандарын Күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқауға болады:

Көкке түркі тәңірісі,

Тәңірі қуат берген соң,

Тәңірі жарылқағандықтан. Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгі күнге дейін орындалып жүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісулық қазақтардың «Умай анаға» табынатынын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған. (Біз сол Ұмай ананы әлі ұмытқанымыз жоқ. Апталық күн санау жүйесіндегі Жұма күні осы анамыздың аты. Жұманың сөз түбірі «Ұма» болатыны тек қана осыны білдіреді М.Қ.).

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан (несториан), манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).

Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қарахан хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Төбе–төбе болып жатқан қыстақ, кенттер мен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардың VI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.

Түркі дәуіріндегі обалардан адамдарды киімдерімен жерленгендері белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.

Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.

Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.

Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ–оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген. («Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы» Қыпшақтар тарихы кітабынан).

Түсініктеме: Осы аумақта өмір сүрген рулар мен тайпалардың барлығының да негізгі бастау алатын тілі бүгінгі Қазақтың ана тілі болған. Бұл тілде  Адам (Ман) ата сөйлеген. Мандардың атын Манқыстау, Адам атаның атын Адай ұстап отыр. Ең алғашқы теріден киім, аяққа етік тігілген жерде осы Маңғыстауда. Ол жерлер Қиян, Қиянды, Қияқты, Қарақия,  Ақ Кетік деп аталады. Кетіктің түбірі етік болатыны осыдан.  Сөз түбірі жаңылыспайды.

Сөз реті келгесін тоқтала кетейін: Етіктің авторлық құқығы Ақ Кетелерде жатыр. Кете руы (Байсары) Алшынның үлкен ұлы алты ата Әлімнен тарайды. Қазіргі Еуропа еліндегі Алмания (Алаш пен Ман)  елінің де шығу тегі осы. Оларда өздерін Кет (Хет, Хот) деп әртүрлі болып жазылып жүрген рудан таратады. Әйгілі Шыңғыс қағанға баласының (Жошының) өлімін домбыраның күйімен естіртетін Кет Бұқаның да руы осы.  Кет (Кете) руының (атасының) аты, ал Бұқа өз есімі. Ол кезеңдерде де, тіпті күні бүгінде де Әлімдер Он екі ата Байұлы ішінде Аға балалары деп үлкен ілтипатпен құрметтеледі. Шыңғыс қағанға қаралы хабарды жеткізуге Алшындар ішінде Әлім Ата ұрпағына жүктелуі де содан болған. Олар «Ата тұрып ұл сөйлегеннен, аға тұрып іні сөйлегеннен без» деген халық мақалын бекем ұстанған. Ақ Кетік қаласының атауы да  сол Ақ Кетелерден қалған деп батыл тұжырым жасай аламыз.

Ал, Біз жаттың ықпалымен өз ағамыз Әлімнен қашып, Ақ Кете (Ақ Кетік) қаласының атауын өзге ұлтқа (Форт Шевченко деген атауға) теліп бердік.

Ал қазіргілердің Кетбұқаны найманға теліп жүргендеріне келсек, найман атауы ертеректе жалпылама атау болған, - деп батыл тұжырым жасай аламыз.

Дәлел ме? Тыңдап көріңіз? Жақында «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығының ұжымы «Қазақ» ру-тайпаларының тарихы атты  жоба аясында үш кітаптан тұратын «Найман» атты тарихи зерттеу еңбегін жазып бітірді. Осы еңбекте Найман этнониміне байланысты алты пікір: біріншісі – «Найман» атауын жеке тарихи тұлғадан шығарады; екіншісі - бұл этнонимді өздерінің атымен байланыстырады; үшіншісі – моңғолдық сегіз сандық көрсеткіштен; төртіншісі – «найы» түбірінен көне түрік тіліндегі «дос» деген мағынадан; бесіншісі – «сегіз өзен елі» деген мағынамен туыстастырады; алтыншысы – көне түркі тіліндегі «үлкен мәлін» деген мағынаны білдіретіндігі атап көрсетіліп, «Осы көзқарастарды талдау барысында Наймандарға» осы этнонимді моңғол тілдес қидандардың бергенін мойындауға тура келеді деген пікірге тоқталдық. Сонымен бірге «найман» этнонимін талдау барысында осы моңғол тілдес тайпаға жатқызатындардың пікірлерінің қате екендігін, шын мәнінде, наймандардың о бастан-ақ түркі тілдес тайпа болғандығын нақты дәлелдей алдық деп ойлаймыз» дейді.                       

Ежелгі Қытай жылнамаларында Нұмдардың сегіз елі туралы мәліметтер бар. Қазіргі тарихшылар одан кейінгі сегіз арыстарды, яғни оғыздар (Өгіз) бірлестігін, осы Нұм елінің жалғасы деп, ал Наймандарды солардың ұрпағы деп тұжырым жасаған. Нұх, Нұқ, Нұм,  Нау, Ной (Ноғай), Най (Найман) болып әр түрлі аталып жүрген аталарымыздың тегі бір адам, бір ел, яғни қазақ елі. Топан судан аман қалған Нұқ пайғамбардың қауымы. Най Ман, Най Манұлы немесе Манның ұрпағы болып шығады. Сол сияқты Нұқ-қа «ай» жалғауын жалғасақ Нұқай, Ной-Ноғай болып шығады да, бұлда Нұқ атамыздың баласы, ұрпағы деген мағына береді. Адам атына «н» және «и,й, ы, і» жалғауын қосқанда ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына беретінін еске алайық.

Демек Най Мандар өте ежелгі қазақтардың ұрпағы. Оған дәлел: Жоғарыда көрсетілгендей Най – Нұқ пайғамбар атамыздың, яғни адам аты; Най – сегіз сандық көрсеткіш (жалпы бөліну осы сегізден басталады); Най – үлкен мәлін;  Най – дос, Най – ежелгі музыкалық аспап, Найза – қару, Найзаласу, Найзабойы, Найзатас, Найзақара, Найманана сияқты ұғымдар бар.  Бұл ұғымдардың бұлай  аталу себебі, осылардың бәрі қазіргі қазақтардың Най аталған кезінде дүниеге келген. Қазақта қандай заттың, қандай ұғымның атауы болмасын, сол ұғым сол елдің, сол атаның есімімен аталады. Бұған дәлел ретінде Адайдың тіл мен жебе таңбасын еске алсақта жарап қалар. Енді осыған Қазығұрт тауының басына Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тоқтаған күннен бастап, жыл басы болып есептеліп, тойланып келе жатқан Наурыз мерекесін қосыңыз.

Найдың шығу тегі Аналық текке жатады. Себебі, Найдың сөз түбірі Ай – әйел, ана деген мағына береді. Айдың жерге, әйелдің ерге серік болатыны осы.

Ал Қиданға келсек, тарихта Кидан, Қимақ, Қиян, Қыпшақ аталып жүрген алып қағандықты құрғандар Шыңғыс ханның арғы аталары, Адай - Мұңалдың Қиян-Қиятынан тарайтын ұрпақтар. «Еділдің бойы – енді қиян, Жайықтың бойы – жайлы қиян, Маңғыстаудың бойы - шаңды қиянды» еске алайық. Ал, Адайдың (қазақтың) қарашаңырағының иесі мұңалдарды, қазақтан бөліп тастап «моңғол» тілдес тайпа деп атаулары түп-тамырымен қате тұжырым. Демек, қазіргі орыс (ағылшын, еврей) ілімінен дәріс алған қазіргі ұрпақтың білім деңгейінің  сиқы осы.

Қазақтың бес қаруының бірі Найзаны жасағандар осы Найман аталарымыз. Адам игілігіне жарайтын қандай дүние болмасын, сол зат, сол адамның атымен аталған. Бүл қағида күні бүгінде сол күйінде тұр. Найза – қысқартылған сөз. Сөз түбірі – Ай, одан ары Най, Ай, Айза, Иза (ыза), Айза (айыз) деген сөздерден құралады. Енді осы сөздердің мағынасына үңіліп көрсек, осы бір ауыз сөзден, осы қаруды кімдер жасағанын, олардың руы мен атын, тіпті не үшін жасағанын да білуге болады. Ай – Адайдың екінші буыны. Түп төркіні, Ад – Ай (Ата мен Ана) Ата – й (атаның баласы), яғни Ай Адтың баласы, ұрпағы. Демек, Найдың Адтардың ұрпағы екендігіне дау жоқ. Бүгінгі Наймандар сол ежелгі Ад – Мандардың ұрпағы. Айырмасы, олар Адам Атаның қарашаңырағынан енші алып, бөлек отау тікті. Адайлар болса Адам атаның қарашаңырағында қалды. Ал, Найза деген қаруды ойлап тапқан атамыздың, дәлірек айтқанда анамыздың аты Айза. Демек, Айза апамыз жауын найзаға түйреп, кегін алып, айызы қанып тұрған мезгілінен, осы атамыздың (анамыздың) атынан «айыз», «айызы қанды» деген сөз қалды.

Найман – сөз түбірі Ай. Ары қарай Ай, Най, Ан, Ман, Иман, Найман болып шығады. Сөз түбірі (өз түбі) мен сөз құрамы жаңылыспайды. Демек, қазақтың «Иман» деген ең қасиетті ұғымынының авторлығына Найман аталарымыздың таласы бар. Әйтпесе, Иман деген сөз тұтасымен Найман атамыздың есімінің қақ ортасында күндей жарқырап тұрмаған болар еді. Әйтпесе, ең қасиетті асымыз - Нан деген ұғым дүниеге келмеген болар еді.  Құрметті Оқырман! Сену-сенбеу өз шаруаңыз. Одан ештеңе өзгермейді. Сіз бәрібір олардың авторлық құқығын тартып ала алмайсыз.

Оғыз бен Адай синоним. Ақиқатында, Оғыздар Адайдың ұрпағы. Оғыздың тегі Тобыш, Адайдың жетінші немересі. Оны осы сөздің құрамынан да анық көре аламыз. Тоғыз саны Тобыштардың лақап аты. Тоғыздың сөз түбірінің Оғыз болатыны осыдан.  Сөз түбірі ешқашан жаңылысқан емес.

Ұйғыр ханы Мойыншардың моласының басындағы құлпытаста: «Түркі қыпшақтар елу жыл бізді биледі» - деп жазылған. Елтеріс қаған 693 жылы түркі жұртының туын көтерген болатын.

Мұңалияда (Монғолия) тұратын қазақ ғалымы Қаржаубай Сартқожа ұлы мен С.Г. Кляшторный 1982 жылы МХР-дың Долан ұлы тауының шығыс сілемінен тапқан сынтастағы: «Қыпшақтың бөрі иесі құтты болсын! – деп шекіліп жазылған түркі жазуы талайдан бері бұрмаланған болжамдардың үнін өшіріп, ең соңғы әділ билікті айтты.

А.Н. Бернштам: «Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 201-жылы дүниені дүр сілкіндірген Мөде тәңірқұты – осы қыпшақ ұлысынан шыққан көсем» - деп жазыпты.

«Тегерандағы (Иран) Қажы Хусейн Малек кітапханасында сақталған «Тарих-и Сафавие» (ХҮ1-ХҮ111 ғ.ғ. Сефевидтер әулетінің тарихы) қолжазбасында (авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи) «Қасым ханның атын Дешти Қыпшақтың ханы, кей жерінде патшасы» деп көрсетеді («Мәңгі ел» жорналы №2. 2015 жыл,  20 бет).

Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында әдеби-көркем сюжеттермен қабысқан тарихи, танымдық-этнографиялық мағлұматтардың бар екендігін оқырман біледі. Міне, сондай мәліметтердің бірінде көне қыпшақтардың сенім-нанымдары туралы айтылған; «Бал-бал тастар жөнінде... ертедегі қыпшақтар өлген адамның жетісін, қырқын, асын бергенде оның бейнесіне сәйкестей ағаштан қуыршақ ойып, үстіне бұрынғы киімдерін кигізіп, өздерінің ортасына отырғызатын дәстүр болған. Өйткені көне қыпшақтардың түсінігінше адам жаны өлмейді, үнемі туыс-туғандарымен бірге жүреді. Жоқтауға жиналған кісілердің бәрінің де денесінде өз жаны болғандықтан, өліктің жаны өзінің қуыршақ бейнесіне орналасуы тиіс. Қуыршақ болып ол өзінің жерлеу тойына (жаназасына М.Қ.), (үшіне М.Қ.) жетісіне, (қырқына, жүзіне М.Қ.) асына қатынасуы керек. Ағайын туысқандарымен бірге отырып, өз ажалын өзі тойлайды. Ал жақындары оған керемет құрмет көрсетуге борышты. Қолына ыдыс беріп, қымыз құйып, алдына ас қойылуы міндет... (І.Есенберлин. Көшпенділер. 6-том. Алматы. 1986. 46-47-бб).

«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. ...Иафес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих  атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», - деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. ...Түріктің төрт ұлы болды: Түтік, Хақал, Барсажар, Амлақ. Түрік өлер шағында үлкен ұлы Түтікті отырғызып, қайтпас сапарға кетті. ...Түтік заманында асқа тұз салу әдеті қалыптасты. Түтіктен кейін әке тағына Елше, одан кейін Деббақой, одан кейін Күйік хан отырды.

Күйік хан ата тағына отырып, бірнеше жылдар әділ патшалық құрып, алтыншы ұлы Алыншаны өз орнына отырғызып, халық баратын жерге кетті.

Алынша хан көп жылдар патшалық қылды. Нұх пайғамбар заманынан Алынша ханға шейін барша Иафес әулеті мұсылман еді. Алынша хан заманында жұрт байып дәулеті тасыды. «Ит семірсе иесін қабар» деген өзбек мақалы бар еді. Әр кісі өзінің ең қимас адамы не ұлы, не қызы, болмаса аға-інісі өлсе, соған ұқсатып, қуыршақ жасатып қоятын болды. «Бұл-пәленшенің суреті» деп оны сүйер еді, ас келгенде оның алдына ас қойып, оның жүзін өбіп, көзін сүртер еді, оған бас ұрар еді. Бұндай әдет қайталана-қайталана пұтқа табынуға әкелді (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер). Будда діні осылай біздің аталарымыздың арасында дүниеге келді.

Қыпшақтардың шыққан тегін анықтау үшін тағы да Адай ата шежіресі және ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбіріне (өз түбіне) жүгінеміз. Адай ата шежіресі бойынша Қыпшақтың  тегі Балықшы (Шыбынтай). Рет санымен есептегенде Адай  атаның бесінші немересі, Келімбердінің үшінші баласы. Ең бастысы, Адай ата ұрпақтарының алтыншы буыны. Бірінші буын Құдайке мен Келімберді, екіншісі Тәзіке (Әз әке), үшіншісі Қосай, төртіншісі Құнанорыс, бесіншісі Ақпан, алтыншысы Балықшы. Алашқа жатқан алты еліміздің тегі (бастауы) осылар. Бүкіл жер шарындағы қаптата салынған бал-бал тастардың да тегі осылар. Пұтқа табынушылардың да тегі осылар. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» айтылатын алтыншы ұл Алынша ханымыздың да тегі осы. Алты саны Алаштың лақап аты.  Алты мен Алаштың түбірлес болатыны да осыдан.  Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.

Әбілғазының «Түрік шежіресінде» Шыңғыс ханның тегі Қиян, Оғыз хан, Қарахан, Мұңал хан, Алынша хан деп көрсетілген. Бұған күмән келтіруге ешкімнің де құқы жоқ. Себебі, қазақ өз ата-тегінен ешқашан жаңылысқан емес, жаңылыспайды да. «Тегін білмеген тексіз» деп ондайларды адам қатарына санамаған. Ал, бұл шежірені жазып қалдырған қарапайым адам емес, ХҮ11 ғасырдағы басында Каспий-Арал өңірі қазақтары, артынан Хиуа ханы әрі Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы Әбілғазы баһадур хан болып табылады.

Әңгімеміздің басында айтылған қумандардың тегі Адай шежіресінде Құдайке, яғни Қу Адай әке есімімен хатталған. Бұл тұжырымымыздың айдай айғағы Атам қазақтың «күш-қуат» деген ұғымы болмақ. Өздеріңіз көріп отырғандай, күш - Қу мен үш деген екі біріккен сөзден тұрады. Қу (Қу Адай әке), балама атауы аспанда ұшатын киелі құс Аққу. Үш саны Қосайлардың сандық атауы. Ал, «қуатқа» келсек, бұл сөздің толық мағынасы Қу Ад (Адай).

Қыпшақтың сөз түбірі «ып». Бізге олардың тегін айқындап беретін де осы түбір. Шыбынтай ата есімінің Қыпшақ пен түбірлес болатыны тек қана осыны білдіреді. Атам Қазақтың сөз жасау қағидасын білетін жандарға бұл дауға жатпайды.  Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі) дегеніміз, сол елдің түп атасы деген сөз. Атаның (Аданың) қарашаңырағы Адайда.  Ата (Адай) шежіресі ешқашан жаңылысқан емес.

Шыбынтай – біріккен сөз. Сөз түбірі Ып (ыб), ары қарай шып, ын, ыбын, ынта,  ай, тай болып шығады.

Ып түбірінен туындайтын сөздер: қып (қыбын табу), шып (шып-шып тер шығу), сып (сып-сып етіп тез сөйлеу), шыбын (тұқымы таусылмайтын қаптаған қара шыбын). Қыпшақ – шежіреде айтылатын Еділ мен Жайықта төрт мың жыл салтанат құрған Қыпшақ атанған халықтың тегі осы Балықшы аталарымыз.  Адам Ата сөйлеген елдің Шыбын деген сөзінің түбірі осылай дейді.

Ын (ін) – қын, қынап,  сын, шын (шың), тын (тың) т.т.

Ыбын – қыбын (ыңғайын) табу.

Ынта – ынталану, ынтымақ, ынта-жігер, бар ынтасын салды т.т.

Ай –  Ана, әйел, Айару, Айсұлу, Айнұр, Айгүл, Айжан, Айсәуле, Айман т.т.

Тай – Екі жасар жылқы баласының аты. Міне алты Алашқа негіз болған елдің түп атауы. Шыбын мен Балықтың негізгі мағыналарының бір-біріне ұқсас болатыны  осыдан. Қазіргі Алтай өлкесі, Алтай тауы, Алтай елі атауының шығу тегі де осы. «Аттың (Адтың) орнын тай (дай)» басып тұр.

Жоғарыда айтқанымдай Қыпшақ Қазақтың бел баласы. Екі саны Қазақтың лақап аты. Қыпшақтың таңбасының әліп (екі сызық) болатыны да осыдан. Қыпшақтың тілі де қазақ, өзі де қазақ. Бұл дауға да, күмәнға да жатпауға тиіс.

Мына көрші орыс пен батыстың Скифтер деп жүргендері осы біздің Сақ пен Қыпшақтар. Қазақ шежіресінде бұл атау Сыпыра жырау есімімен сақталған. «Иф (ип)» пен «ып» және Сақ пен Шақтың түбірлес болатыны осыдан. Олардың Миф, мифология (аңыз), цифр деген ұғымдарының шығу тегі осы. Олардың аңызды миф,  санды цифр атаулары өздерінің шыққан тегі Қазақ (қыпшақ)  екендігін мойындағандық.

Қыпшақ – Қазақтың Орта жүзін құрайтын негізгі алты тайпаның бірі. Қыпшақ руының қазақтың құрамында болуы, олардың тегі, яғни атасы қазақ дегенді білдіреді.  Мұның басқаша түсінігі болуы еш мүмкін емес.

Қыпшақ даласы (Дешти Кипшак) – Қазақ даласы ежелде осылай аталған.

Қыпшақтардың тілі Қазақтың ана тілі. Ауызша да, жазба деректерде де Қыпшақ тілі деген тіл жоқ.

Қыпшақтардың  діні нанымдары қазақтардікімен бірдей.

Қыпшақтардың қоғамдық құрылымы, кәсібі, мәдениеті, қару-жарағы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары да бізбен сәйкес, ешқандай өзгешелік жоқ.

Атам Қазақтың өз тарихын бір ауыз сөзбен жазатын ежелгі қағидасына сәйкес Қыпшақты да сөйлете кетейін:

Қыпшақ – Қы (Қи), Ып, Ақ, Шақ (Сақ) деген біріккен сөздерден тұрады.

Сөз түбірі (өз түбі) жоғарыда айтқанымдай «Ып».  Бұл алғашқы алты елдің (алты Алаштың) бәрінің аузы бір болып, Алып атанған кезеңі. Қазіргі Европа жеріндегі Алып (Алпі) тауы солардан қалды. Алыптың екінші буыны өз кезегінде Шыбынтай (Балықшы) атамыздың сөз түбірі. Сондықтан, Қыпшақтың, Шыбынтайдың, Алып ел алты Алаштың бәрінің тегі бір. Бәрі бір халық. Мысалы, «Ып-ыссы» дегенімізде күн жылылығының, немесе осы жылуға байланысты кез-келген ұғымның ең жоғарғы шегі дегенді білдіреді.

Ал, бірінші буындағы Қы, (Қи, Ки, Кі, Ғи, Ги, Хи-ге) келсек,  құрамында осы түбірлер бар барлық атаулардың авторы осы Қиян-Қыпшақтар, яғни Қазақтар деген сөз.

-   Қиян, Қият, Қимақ, Қидан, Қимыл, Қисық, Қисын, Қиқар, Қия, Қияқты, Қарақия (ойпат), Қиял, Қияли, Қиса, Қисса, Әлқисса, Қира (тау), Қияр т.т.

-  Қыпшақ, Қарақыпшақ, Қыр, Қырат, Қыран, Қырғи, Қырғауыл, Қырғын, Қырғыз, Қытай, Қытымыр, Қыз, Қызыл, Қызылша, Қызылжар, Қызан, Қызанақ, Қызғалдақ, Қызару, Қызғаныш, Қызғын, Қызмет, Қызық, Қызыр, Қымыз, Қымыран, Қымбат, Қын, Қына, Қынап, Қыс, Қысыр, Қысас, Қысастық жасау, Қысылу, Қыбыр, Қыжыл, Қыдыр, Қыл, Қылу, Қылтан, Қылыш, Қылау, Қылбұрау, Қыш, Қыш құмыра, Қыш кітап, Қышқыл т.т.

-    Кие, Киелі, Киім, Кимек, Кимешек, Кит т.т.

-   Кісі, Кісімсу, Кісен, Кім, Кіл (бірөңкей), Кілт, Кілем, Кідіру,  Кітап, Кіндік, Кір, Кірлеу, Кірпі, Кірпіш, Кінә, Кінәлі, Кінәсіз, Кіндіккүш (тау), Кіші (Жасы кіші адам), Кішкентай, Кішіпейіл т.т.

-   Гималай, Гиндикуш, Гид, Гидро, Гибралтар, Гигант  т.т.

-   Ғимарат, Ғибадат, Ғибадатхана, Ғинаят, Ғибрат, Ғисар т.т.

- Химерлер (Батыс жазбаларының Химерлер деп жүргендері осы Қиян-Қыпшақтар), Хикмет, Хикая,  Хисар т.т. болып кете береді.

Ал, Ақ пен Шақ (Сақ) деген ұғымдарға комментарий қажет болмас. Бүткіл жер бетінде ақиқат, сақи (мырза, қолы ашық адам)  деген ұғымдарды дүниеге әкелген ежелгі Қас Сақтарды білмейтін жан жоқ болар.

Қыпшақтардың қазақтың  бел баласы екендігіне қазақтың 13-1-9-1-13 және қыпшақтың 13-29-20-28-1-13 сандық жүйесі толықтай куәлік ете алады. Өздеріңіз көріп отырғандай Қазақтың тегі Нұқ пайғамбар заманынан әрі де жатса, кыпшақтың қалыптасуы одан бері де, яғни Ман ата заманында жатыр.

Құрметті Оқырман! Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) мен сөз құрамы сонау Адам атадан бері ешқашан жаңылысып көрген емес. Аталарымыз орынды жерінде айтылмаған сөздің атасы өледі деген. Демек, ежелгі Қыпшақтарды менің атам деп мойындап, қазақтың Ата салтын сақтай алмаған қазақ баласының  өзін қазақпын деп атауға ешқандай құқығы жоқ.

Тарих тағлымы: Туған күніңде (мерейтойыңда) өзіңе арнап жаққан шырақты өзің үрлеп өшірсең, өзіңнің надан екендігіңді  мойындағаның. Атам Қазақтың түсінігінде шам жағу (жарық) - білім мен ғылым, шамды сөндіру (қараңғылық) – надандық (білімсіздік, яғни Дарвин айтқандай маймылға бала болу).

Жас әйел, қыз бала шашын жайып,  «қара жамылса» жұбайына өлім тілегені. Тарихатты мойындамаған, Ата салтын сақтамаған, яғни «тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» елдің келешегі болмайды.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

5 пікір