Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Өмірдің өзі 5429 0 пікір 20 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ЖЕТІСУДЫҢ АҚ МАРЖАНЫ

Басынан талай қиын­дықты өтке­ріп, көптеген ауыртпалыққа сабырмен төтеп берген халқымыз артына мол мұра ретінде сөз қалдырған. Сондай нақылдың бірі: «Алтын, күміс тас екен, арпа-бидай ас екен», – деп нағыз байлықтың парқын таны­тады. Дәнді дақылдарды егуді ерте бастан-ақ қолға алған ата- бабала­рымыз­дың әрбір өнімнің бабын меңгеріп, қыр-сырына жетік болғаны белгілі. Әлде­кімдер айтқандай көшпенді тірлік кешкен болса арпа-бидайды өсіруді баба­ларымыз қайдан білген?! Шындығында малдың ыңғайымен жаз жайлауға шығып, қыс қыстауға түскен халқымыз құнарлы жерлерді игеріп, бидай, арпа, тары, күріш секілді дақылдарды өсіріп келген. Оған көнеден жеткен алқап пен атырап, арықтар мен су жолдары куә. Тіпті, күріш танаптарының орны еліміз­дің барлық аймағынан кез­деседі. 

Жетісу өлкесінде ақ күріш Балқаш және Қаратал ауданда­рында өсіріледі. Дегенмен, ба­сым бөлігі Бақанастың күріші, ол нарықта жоғары бағаға ие. Өйткені Іленің құнарлы суы Қапшағайда біраз жылыған соң күрішке түсіріледі. Ал суды жақсы көретін дақыл бойына суды сіңірген соң ғана бой ала­ды. Арада өткен 100 күннен соң жайқалған ақ күрішке ком­байн түсіп, дәнді дақылды қырманға аттандырады. Қара­тал ауда­нын­да ұзақ жылдан бері күріш өсі­ру­мен айна­лы­сып келген «Бір­лік» агро­фир­масы» жауапкер­шілігі шектеулі серік­тестігі бүгінгі күні кү­рішке орақ салды. Ақдала ал­қа­бындағы күріштің түсімі жайлы әңгімелеген серік­тес­тіктің атқару­шы директоры Жанат Аймақовтың ай­туын­­ша, шаруашылықтың меншігіндегі5447 гектар суармалы жерде күріштің «Бақанас», «Мәдина», «Ақдала» атты сорттары өсірі­леді.

– Биыл1630 гектаржерге арпа, бидай,1221 гектаржер­ге күріш,2000 гектаржерге ауыс­палы егістікке арнал­ған жо­ңыш­қа, одан бөлек, 10 гек­тар жерге бау-бақша өнім­дерін салып отыр­мыз. Арпа-бидайды әр гектарынан 24 центнерден алдық, енді күріш ору нау­қаны жүріп жатыр, – деген Жанат Жанайбайұлының айтуына қа­ра­ғанда күрішке керегі судың мол болғаны. – Қара­мағы­мыз­дағы төрт бри­гада бүгінгі күні 12 комбайнмен толық жұмысқа кіріс­ті. Ал­ғашқы кезеңде күріш­тің айна­ласы ша­­бы­лады, ол әбден кеуіп болған соң қырманға алынады да негізгі егістікке орақ салы­нады. Жыл сайын гектарына 45 цент­нерден өнім алып жүр­міз. Кейбір жер­лерден 47, кей жерлерден 60 центнерге дейін өнім түседі. Орташа көр­сет­кіш 45 центнерге тең. Биылғы жылы су жетіспей аздап қина­лып қалдық. Өйткені, ылғалды сүйетін дақыл ретінде күрішке мерзімінде су жетпесе бой алмайды, кешеуілдейді. Сон­дықтан өзіміздің питомникте күріш­тің көптеген сорты өсі­ріліп, тәжірибеден өткізіледі. Алматы қаласындағы биотех­нология және биоинженерия институ­тының ғалымдарының қатысуымен жүр­гізілетін тә­жі­рибе негізінен оңай жер­сінетін, тез өнетін күріш сор­тын ірік­теуге арналады. Соң­ғы уақытта Ресей күріші біз­дің нарықта басымдық көрсе­те бастады. Сол себепті бәсе­келес­тік зама­нында ұтылмас үшін ресейлік сортын жер­сіндіріп жатырмыз. Бірін­ші­ден, оның түсімі мол, екінші түсінің аппақтығы мен сапа­сының жоғарылығы алушыны қызық­тырады. Дегенмен, бір кемшілігі біздің көктемгі сал­қынға, ерте түсетін күзге үй­­ре­не алмай, ауа райына жер­сінуі қиындау келеді. Со­ған қарамастан күрішшілер бар күшін салып еңбек­тенді. Биыл­ғы түсім жақсы.

Күрішке комбайн түсірген диқандар күздің алғашқы айы­ның жауын-шашын­сыз бол­мауын тілейді. Себебі, жаңбыр шабылған күріштің кебуіне кедергі келтіріп, ойға алған жоспарды аяқасты қылады. Осыған байланысты шаруа­шылық жұмыскерлерін ынта­лан­дыру ісі тұрақты қолға алы­нып отыр. Себебі, күріш шабу науқанын мерзімінде аяқ­тау керек. Жалпы, «Бірлік» агро­фирмасы» ЖШС-да мау­сым­дық жұмыстарға 200-ден астам еңбеккер алынып, жұ­мыс­пен қам­тылады. Олардың бәрі де нақты жалақыға жұмыс істейді. Одан бөлек, үш мезгіл тегін тамақпен қамтылған.

Ал «Бірлік» агрофирмасы» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігі егістік жерді тыңайту ісін табиғи жолмен жүргізіп келеді. Яғни, бір жыл күріш егілген алқапқа келер жылы жоңышқа себіледі. Бұл, ең ал­ды­мен, өнім сапасы­ның эколо­гиялық тұрғыдан таза болуы­на септігін тигізері анық.

Мәди Алжанбай 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608