Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Мәйекті 7836 0 пікір 20 Қыркүйек, 2015 сағат 10:33

ӘКЕСІН ТАНЫТУ КЕРЕК!

Кешегі күннің өткір сөзі Президент Назарбаевтың аузынан шықты. Президент қауіп етіп айтты. Айтқан жері де - айрықша. Ханнан ақырып теңдік сұраған Сырым батыр, Исатай мен Махамбеттер ат тұяғын дүбірлеткен Атырау жерінде айтты. Сондағы айтылған сөз  мынау: «...Осындай қиын-қыстау кезінде елді арандататындар шықса, оларды әкесін танытып заңмен жазалаймыз». Дұрыс айтады. Қазақстанда «әкесін танымай» кетіп, елді арандатқандар қатары көп. Соларды да осы жазаға іліндіру қажет. Атап айтқанда:

-          Тәуелсіздікті алғанымызға 24 жыл болса да, экономиканы әр тараптандыруды жүзеге асыра алмаған Үкіметтің «әкесін таныту» керек;

-          Қазба байлығымыз көп, шалқып өмір сүретін «екінші Кувейт» боламыз деп елді алдаған арандатушылардың «әкесін таныту» керек;

-          Көрші елдің жерін тартып алып, оның төрінде ойран салып жүрген елмен Одақ болуды қалап, елді «қораға тыққан» арандантушылардың «әкесін таныту» керек;

-          Көрші елде экономикалық дағдарыс басталғанда оның алдын алумен айналысудың орнына Президенттік сайлауды ерте өткізіп, елді дүрліктірген белсенділердің «әкесін танытып», екінші мұндайды қайталамайтындай ету керек;

-          Байлықтарын шетелге асырып, оны өзге елдің банктерінде шетелдік валютамен сақтап отырған арандатушылардың «әкесін таныту» керек.

Айта берсек,  «керектер» көп секілді. Осымен біз доғарайық.  Тағы арандатушылар болса, осы тізімнің соңына қосу керек. «Темірді қызған кезде соқ» демейтін бе еді?! Біздің ойымыздағыны Құқық қорғау мекемелері әрі қарай іліп алып кетер деген үміттеміз...

Дәулет Көптілеу

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2067
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608