Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 3712 0 пікір 23 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

СЕКСЕУІЛДЕГІ СЕРПІЛІС

Арал ауданы Сексеуіл кентінде бір күнде емхана мен клуб ашылып, тұрғындар қуанышқа бөленіп жа­тыр. Сексеуіл кенті – тоғыз жол­дың торабындағы елді мекен. Об­лыстағы тіректі елді мекеннің бірі ретінде өткен жылы 405 миллион теңге қаржы бөлініп, 2 мектеп, 1 балабақша жөндеуден өтті, ұзын­дығы 8 шақырым болатын 7 көше асфальтталған еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен елімізде жалпы ұзын­дығы 988 шақырымды құрайтын ғасыр жобасы «Бейнеу – Жезқазған» те­міржолының құрылысы басталып, былтырғы жылы пайдалануға бе­ріл­ді. Сексеуіл кенті арқылы өтетін «Бей­неу – Жезқазған» жол бойында 5 бекет 1 станса және 2 пәтерлі 38 тұр­ғын үй құрылыстары жүргізілуде. Осы жоба аясында Сексеуіл кентінің 200-ге жуық тұрғыны жұмыспен қам­тылды. 10 мыңнан астам халқы бар кент тұрғындарына арналған жаңа емхана заманауи талапқа сай. Ауы­сымына 100 келушіге арналған емха­наның құрылысына 248 миллион теңге қаржы жұмсалған.

– Халқымыз қашаннан «Бірінші байлық – денсаулық» деп деннің сау­лығын дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойғаны бел­гілі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қа­бі­летті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен «Мәңгілік Елімізді» да­мы­туға қабілетті бола алады. Қуа­ныш­тарыңыз құтты болсын – деді емхананың ашылуына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

«Саламатты Қазақстан» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында облыста денсаулық сақтау саласы жылдан-жылға жақсара түсті. Арнайы «Жол картасы» қабылданып, материалдық-техникалық базасы нығайтылып, облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері едәуір жақсарды. Соңғы 2 жылда аймақта 35 медициналық нысан пайдалануға берілсе, оның ішінде көптен құрылысы бітпей келе жатқан жалпы құны 4,8 миллиард теңгені құрайтын 200 төсектік «Ана мен бала» перинаталды орталығы іске қосылды. Қызылорда қаласында 200 төсектік көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. 2013-2014 жылдары Шиелі, Қармақшы, Сырдария аудандарында жалпы құны 4,4 миллиард теңгені құрайтын ауысымына 250 келушіге арналған емханалар салынды. Ал Арал ауданының Аралқұм, Қарақұм, Қамыстыбас елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбу­ла­ториялар пайдалануға берілді. Биыл тағы 3 жаңа денсаулық сақтау ғи­ма­раты халық игілігіне берілгелі отыр.

Осындай жоспарлы түрде жасалған жұмыстардың нәтижесінде облыста халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы соңғы үш жылмен салыстырғанда 69,5-тен 71,6 жасқа өсті.

Мәдениет саласы да мұндай көрсеткіштерден құралақан емес.

Соңғы үш жылдың көлемінде облыста 19 ауылдық клуб пен 2 музей пайдалануға берілді. Сондай жаңа клубтың бірі Сексеуіл кентінде ашылды.

«Мұндай мәдениет ордасының ашылуы ауылдың ажарын кіргізіп, өнерге серпіліс береді деп білемін. Енді ауыл азаматтарының рухани демалып, мәдени шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай жасалып отыр. Тек соны тиімді пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет. Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол» деген Қырымбек Елеуұлы жаңа клубтың жұмысымен танысты.

Жалпы, бұл ауылда өнерлі өрен­дер көп. Мәселен, Нұрболат Сейіт­қалиұлы жақында Түркияда өткен ха­лықаралық байқауда І орынды иелен­ді. Енді жаңа клубта тәлім алатын жер­гілікті өнерпаздар бұдан да жоға­ры белестерді бағындыратыны сөзсіз.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Қамыстыбас елді мекенінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілсе, өткен жылы ауданның мәдениет мекемелері облыс бюджетінен бөлінген 94 миллион теңгеге заманауи үлгідегі сандық жүйедегі лед-экран, музыкалық аспаптар сахналық киімдер, дыбыс және жарық қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Жыл аяғына дейін облыста тағы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ержан БАЙТІЛЕС,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,

Сексеуіл кенті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар