Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4190 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 12:36

СӘРІНЖІПОВ ҚАМБАРДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

"Тоқсан үйлі тобырдың" қамын ойлап Қамбар батыр талай түн көз шырымын алмаса, сол бабамның аяқ астынан "алқаш", "шылымқор" болып шыққанын уайымдап мен де үш түн ұйықтамадым. Сәрінжіповтің министрлігі айтқан "Қамбар батыр" жырының он тоғыз нұсқасын болмаса да біразын парақтауға тура келді. Ертеректе еніп кеткен, "тобыр қазаққа" әдейі жазылған Диваевтің нұсқасын оқулыққа енгізудің қаншалықты қажеті болды дегенді бәрібір түсіне алмадым. Бұл жолы да әдейі жасалған сияқты. Әйтпесе, Кеңес өкіметі тұсындағы оқулық құрастырушыларымыз мынадай анайы нұсқаның бар екенін білмеді дейсіз бе? Білді! Білген соң Әзағамызға, Әзілхан Нұршайықовқа тапсырыс беріп, тәрбиелік, патриоттық мазмұндағы "Қамбар батырды" жаздырды. Оқулыққа енгізді. Бүтіндей бір ұрпақ сонымен тәрбиеленді. Мұнда арақ та, шарап та, шылым да жоқ. "Сапырылған сары қымыз" бар. Соңындағы Қамбардың сөзі қандай!
"Қазақтың жері досқа-жаннат, туысқа-жазира, дұшпанға-тозақ! Біз өз жеріміздің бір жапырағын басқаға бермейміз..." 
Бүгінгі ұрпаққа керек сөз осы емес пе? Сәрінжіповтер Қамбарды білсе мұндай масқара болмас еді ғой...

Арман Сқабылұлы

Ғасebook-тегі парақшасынан

0 пікір