Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 11:19

РЕСЕЙ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ӘСКЕИ БАЗАСЫН КҮШЕЙТІП ЖАТЫР

Ресейдің қорғаныс министрлігі Тәжікстандағы әскери базасын қарсы соққы беретін тікұшақтармен күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Онда Душанбенің жанындағы Айни әуежайына Ми-24П тікұшақтарымен бірге Ми-8МТВ әскери-көлік тікұшақтары жіберілгені айтылған. Бірақ жалпы саны көрсетілмеген.

Бұл мәлімдеме алдында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде кездескен еді. Онда Рахмон Тәжікстанмен шекарадағы Ауғанстан аймағында исламшыл топтардың күшейіп кеткеніне алаңдайтынын жеткізген болатын.

Тәжікстанда Ресейдің құзыретіндегі 201-ші әскери базада жеті мыңға жуық ресейлік жауынгер орналасқан. Бұл – Ресей аумағынан тыс жердегі ең ірі ресейлік құрлық әскері.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1623
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1533
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1278
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1243