Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3445 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 11:21

КАРТЕР ПУТИННІҢ СТРАТЕГИЯСЫН СЫНАДЫ

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер АҚШ Ресеймен Сирияда әскери ынтымақтастық жүргізуге келіспейтінін, себебі Ресейдің Сириядағы стратегиясы «қайғыға соғатын қателік» деп мәлімдеді.

7 қазанда Римде сөйлеген сөзінде Картер Ресей әскери күшін «Ислам мемлекеті» тобына қарсы бағыттамағанын тағы да қайталап, «түбімен қателік жасап отыр» деді. Алайда ол АҚШ Мәскеумен ұшқыштардың қауіпсіздігі жөнінде техникалық кеңес жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Ресейдің теңіз әскері кеше сонымен бірге Каспий теңізіндегі флотилия кемелерінен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позицияларына 26 қанатты зымыранмен атқылады.

Reuters агенттігі сәрсенбі күні Дамаскідегі ресми ақпарат көзіне сілтеме жасап, Сирия үкіметінің әскерлері елдің орталық бөлігіне Ресей әуе флотының көмегімен құрлықтағы шабуылын бастағанын хабарлады.

Мәскеу Сириядағы әскери операциясы террористерге қарсы бағытталғанын айтса, АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің мақсаты Башар Асад билігін ұстап қалу деп қауіптенеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1627
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1544
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1285
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1246