Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3936 0 пікір 10 Қазан, 2015 сағат 02:00

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ САРҚАН АУДАНЫНА БАРДЫ

Елбасының ауыл­шар­уашылығын дамыту тап­сыр­­масы облысымызда мық­тап қолға алынған. Соның айқын дәлелін сарқандықтардың күзгі жиын-терін науқаны барысынан аңғаруға болады. Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов Сарқан ауданына жұмыс сапары барысында ондағы жұрттың бере­келі тіршілігіне оң бағасын беріп, диқандарды ша­быт­тандырып қайтты, - деп жазады "Жетісу" газеті.

Өңір басшысы алғашқы қа­да­мын аудан шекара­сындағы «Самал» шаруа қожа­лы­ғының қызыл­ша алқабынан бастады.

Амандық Ғаббасұлы дес­теленіп жиналып, көлемімен әрі сапасымен көз тартатын тәтті түбірді қолына алып қа­рай жүріп, диқан қауымымен пі­кірлесті:

– Қызылша өнімін қабыл­дау­дағы 3-4 жылға созылған сал­ғырт­тық күтіп-баптауына көп күш жұмсалатын бұл да­қылдан бас тартуымызға се­бепкер болып еді. Сон­дық­тан күмәніміз сейілмей биыл бар-жоғы 7 гектарға ғана  тұ­­қым сіңірдік. Бабы келіскен соң, су­дан кенде болмағаннан кейін нә­тиже де ойдағыдай. Өнім гек­тарына 500 цент­нерден ай­на­лу­да. Көксу қант зауыты келі­сім­шарт­та көр­се­тілген мін­дет­те­ме­сін орын­да­са, келер жы­лы қы­зыл­­ша ал­қабын есе­леуге дайын­быз, – дейді қо­жа­лық басшысы Ер­мек Қа­лиев.

Өз кезегінде облыс әкі­мінің орын­басары Серікжан Бес­кем­пі­ров Көксу зауыты та­­рапынан қы­зыл­ша тасы­мал­­­дайтын автокөлік шы­ғы­нының 40 пайызы өте­ле­ті­нін, басқа да жеңілдіктер қа­рас­тырылғанын жеткізсе, Сарқан ау­да­нының әкімі Ерғазы Қо­шан­бе­ков өн­дірілген өнімді жинап алу ба­ғы­тында ұйым­дастырылған ша­ра­ларға тоқ­талды. Амандық Ба­талов қа­­зылған өнімді жинап, да­қыл­ды жа­пырағынан ажы­ратып, тау-тау қы­лып үйіп келе жат­қан жастарды әң­гімеге тарт­ты. Алқап өнімін жи­нау­ға ат­салысып жүрген Сарқан по­­ли­техникалық колледжі білім­гер­лері үшін егістіктегі жұмыс бір жа­ғынан өндірістік тәжі­рибе әрі қо­сымша қаржы табу­дың көзі.

– Студент кезімізде ауыл ең­бек­керлеріне көмектесу бұл­жымас мін­детіміз болатын. Қол­­ғабысымыз ақ­шамен баға­лан­байтын. Ал бү­гін­гі­дей на­рық заманында төгілген тер текке кетпейді. Оқыңдар, жұ­мыс іс­тең­дер, ізденіңдер, сонда ғана қалаулы азамат бола­сың­дар, – деген Амандық Ғаб­бас­ұлы жас­тардың ширақ қи­мыл­дарына ри­зашылығын білдірді. 

Бақалыдағы, Черкасск ауыл­­дық округіндегі егістік ал­қап­та­ры­на жолы түскен өңір бас­шысы сар­қандық диқан­дардың қызылша өсі­рудің қыр-сырын жетік мең­гер­ген­дігіне көз жет­кізді. Әсіресе, ба­қа­­лы­лық­тар­дың алдымен қы­зыл­ша­­ның жа­пы­рағын техниканың кө­ме­гімен орып алып, тәтті тү­бірді ком­байн бункерінен бір­ден алып кө­лік­терге тиейтіні қы­зықтырды. Бақалыдағы «Ақ­құ­дық» шаруа қожалығының басшысы Серік­жан Есім­жа­нов­тың  гектар өнім­ді­лігін 700 цент­нерге жет­кіз­геніне тәнті бол­ды. 25 гектар алқаптан 2000 тонна өнім жи­науды жоспар­лаған қожалық мүшелері ал­ғаш­қы күн­дері-ақ 780 тонна өнім­ді  зауыт қам­­басына құйып үл­геріпті. Ал Чер­касскідегі құй­­қалы алқапқа түрен сал­ған Ер­жан Мадья­ров­тың алты ай жаз бойғы ты­нымсыз тірлігі 105 гектар ұлан-ғайыр егіс­тіктің әр гектарынан 400-450 тонна өнім алуға негіз қалаған.

Қойлықтағы «Сарқан Аг­ро» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі күтіп-баптап отыр­ған алма бақ облыс басшы­сының назарын ау­дарды. Мұн­да 100 гектар ау­мақ­тың әр гек­та­рына 800 көшет отыр­ғызы­лып, бар­лығы 66 мың түп алма ағашы үш жылдың ішін­де бой­лап өсіпті. Келер жылы ал­ғаш­қы өнімін беріп, Старк­рим­сон, Гол­ден Делишес сортты алма өнімі тұтынушылар сұ­ра­ны­сын қана­ғаттандырады. Айта ке­тер­лігі, бақ тамшылатып суа­ру әді­сімен өсі­рілуде. Осы бақ ау­­ма­ғында ар­на­йы жаб­дық­талған көрмеде «Мә­ди», «Ма­лай би», «Дәуренбек» шар­уа қожа­лық­тарының же­тек­­ші­ле­рі жоспар-жобаларын ортаға сал­са, аудан әкімінің орын­ба­сары Азамат Сәр­сем­баев ауыл­­шаруа­шы­­лы­ғы бо­й­ын­­ша көр­сеткіш­тер­мен та­ныс­­тыр­ды.

Ауданда қуаттылығы 17 МВт. «Лепсі-2», қуаттылығы 4,2 МВт. «Бас­қан-1» су элек­т­р­стан­сылары са­лынуда. Өңір бас­шысы осы са­парында «Леп­сі-2» стансысының құ­­ры­лы­сында болып, жуық ара­да пай­да­лануға берілетін эко­но­ми­ка­лық маңызы зор ны­санның жұ­мысымен танысты. Сондай-ақ, Сар­қандағы жылу жүйесінің ұзын­дығы 4,2 ша­қырымды құ­рай­тын орталық қазандықтың жай-жап­са­­ры­мен қанығып, ол­қылық­тар­дың орнын жылыту мау­сымы бас­тал­ғанша тол­ты­ру­ға тап­сырма бер­ді.

Соңғы жылдары облыс­тың қай аймағында болса да Ел­ба­сының жергілікті билік ор­ган­да­ры­ның алдына қойған тап­­сыр­ма­ла­рын орындауға ба­ғыт­талған үлкен бет­бұрыс бай­қа­лады. Сарқанда жү­зеге асы­рылып жатқан жоба­лар да түп­тің түбінде аймақ эко­но­­ми­ка­сын дамытуға қыруар пайда әке­ліп, ел игілігіне айна­ла­ты­нына сеніміміз кә­міл. Өйткені мем­ле­ке­тіміз экономиканың ше­шуші са­ла­сы – ауыл­шар­уа­шы­лы­ғын өр­кен­детуге ерек­ше маңыз бе­ріп отыр. Облыс әкі­мімен сапар­лас бол­ған­дар Сарқаннан осын­дай ой түйіп аттанды.

Жомарт Игіман, Сарқан ауданы

Abai.kz


0 пікір