Сенбі, 4 Мамыр 2024
Өмірдің өзі 4644 0 пікір 10 Қазан, 2015 сағат 21:10

ПУТИН ПАТША ТУРАЛЫ "ҚЫЖЫРТПАЛАР"

Ресейдің селолық бастауыш мектептерінің біріндегі мұғалім еңбекақысын айлап ала алмай шаршап жүріп, бір күні Путинге шағым хат жазып жібереді.

Арада апта өткенде мұғалімге «Москва. Кремль. Президент Путиннен» деген үлкен жәшік әкеп беріледі. Мұғалім мәз боп ашып қараса: әдемі теледидар, әдемі радиоқабылдағыш, бір бума газет, бес құты консерві жатыр! «Ә, Владимир Владимирович теледидар арқылы маған сәлем жолдаған шығар!» деп көңілденіп, іске қоса қояды. Экранда, әрине, Путин. Бір топтың ортасында демократия, адам құқы туралы сөйлеп отыр. Мұғалім басқа арнаны ашады: Путин Америка Құрама Штаттарын жамандап сөйлеп отыр. Мұғалім басқа арналардың бәрін бірінен соң бірін ашады. Бәрінде Путин сөйлеп отыр. Мектеп жайында бір ауыз сөз жоқ.

«Владимир Владимирович айтарын әлде радио арқылы жолдаған шығар?» деп ойлаған мұғалім радиоарналарды да түгел тыңдайды. Бәрінде де – Путиннің ағыл-тегіл сөзі. Білім, оқу, мектеп туралы ештеңе айтпаған.

Мұғалім: «Менің шағымыма жауабы әлде гәзетте шығар?» деп гәзеттерді шолып шығады. Бәрінде де –Путиннің екіден-үштен суреттері, құлаш-құлаш сөздері, Путинді аспандатып мақтағыштардың мақалалары.

«Бұл қалай?!.».

Сол сәтте көршісі кіріп келіп:

– Ей, Ваня! Саған Путиннен сыйлық келіпті дейді ғой, маған неге айтпадың? Кәне, көрсетші! – дейді.

– Жібергендері, міне, мыналар, – деп мұғалім мән-жайды айтып, қолын сілтей салады.

– Ваня, жоқтан өзгеге ренжіп қайтесің, одан да, кәне, консервілерді ашайық!

– Жо-жоқ, олардан да Путин шыға келе ме деп қорқып отырмын...

 

***

Троцкий – ағылшындардың жансызы..

Берия – ағылшындардың жансызы.

Андропов – ағылшындардың жансызы.

Березовский де – ағылшындардың жансызы болыпты.

Путин ше? Ол шынымен абвер ме?

 

***

Ресей президенті Путин сайлау жүйесін жетілдіруде. Енді президент пен премьер-министр бірін-бірі кезек-кезек ұсынумен сайлана береді. Бұл тәртіп – халықты сайлауға дайындалып әуре болудан сақтау.

 

***

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы ел президенті сайлауына мынадай төрт тармақты бюллетень жасады:

1.Путин.

2.Владимир.

3.Владимирович.

4.Мұндағы кандидаттардың ешқайсысына қарсы емеспін.

 

***

Путиннің дзю-до туралы кітабы Германияда неміс тілінде басылып шықты, аты – «Майн кампф» («Менің күресім»).

 

***

Армян радиосына Мәскеуден сұрақ:

– Қоғамға маскүнем қауіпті ме, әлде нашақор қауіпті ме?

– Жылдап тырп етпей отыра беретін президент қауіпті.

 

***

Ресей телеарналарынан көретінің: киносериал, ауа райы, Путин, Путин, киносериал, Путин, Путин, ауа райы.

 

***

– Путин мырза, президенттік айлықақыңыз 3 мың доллар екен, ал банктегі есепшотыңызда 40 миллиард доллар бар көрінеді, ол қалайша?

– Ә, мен аянбадым: ала бердім, ала бердім!

 

***

Путинді жақсы көру – заңдылық; жек керу – қылмыс.

 

***

Путиннен қорыққан дәретханаға бармас.

 

***

Путиннің реформа бағдарламасы:

1.Халықты байыту, бақытты ету.

Қосымшасы: Бекітілген тізім тіркеулі.

 

***

Путин: «Бізде бағаны көтеруге ешқандай себеп жоқ, сондықтан себепсіз көтеріле береді».

 

***

Путин, Медведев, Собянин (Мәскеудің мэрі) сөйлесіп отыр.

Медведев: Енді 40 жылдан кейін Ресей мәңгілік ел, ал халқы бай болады.

Собянин: Оны біздің көре алмайтынымыз өкінішті-ақ!

Путин: Өкінбе, көре алмайтынымыз жақсы.

 

***

Обама: Путин мырза, сен губернаторлар мен мэрлерді тағайындайды екенсің, оларды демократиялық жолмен халық сайлауға тиіс қой?

Путин: Халыққа сенуге болмайды, кез келген біреуді сайлай салады.

 

***

Путиннің «Халықтық фронтына» биыл жыл аяғына дейін мүше болып үлгіргендерге сыйлыққа оның сайлау алдындағы уәдесінің 10-ы беріледі.

 

***

Батыс баспасөзінің тілшісі:

– Путин мырза, сіз азаматтық қоғамның қалыптасуын қадағалап отырасыз ба?

– Қадағалап, аңдып, қолға түсіріп, түрмеге жіберіп отырамын.

 

***

– Путин мырза, сіз қашанға дейін президент бола бересіз?

– Керек кісілерімнің бәрін байытып болғанша.

 

***

– Ресейді жұмаққа айналдыру мүмкін бе?

– Әбден мүмкін.

– Ол үшін...

– Ол үшін: Путинді құдай, шенеуніктерді періште, әскерилерді әулие, полицейлерді әуейі, ал халықты құдайдың құлы деп жариялау керек.

 

***

Путиннің сөздерін тыңдап отырғаныңда, оны басқа елдің президенті екен деп қаласың.

 

Ресейдің интернет-сайттарынан таңдап алып, тақырып қойып ұсынған – Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

 «Общественная позиция» (проект «DAT» №34 (305) от 08 октября 2015 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 850
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 998