Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3018 0 пікір 11 Қазан, 2015 сағат 09:57

«СОТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ»

«Время» газетінде Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша сот жүйесінің ағымдағы жұмысы туралы  Қ.Мәмимен интервью жарық көрді

«Шаги к верховенству Закона» атты интервью шеңберінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми «100 нақты қадам – баршаға бірдей осы заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесіндегі неғұрлым елеулі өзерістер туралы айтып берді

Сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үшбуындысына көшу арқылы сот сатыларын оңтайландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жоғарғы Сот судьяларының саны екі есеге өседі.  Бұған байланысты елдің жоғары сот органына лайықты кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізілуде және де оған елдің барлық судьялық корпусы қатысуда. Жоғарғы Сотта резервтік комиссия, сондай-ақ кадр топтары жұмыс істеуде.  

Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ел Парламентіне сот жүйесі жұмысының мәселелері бойынша бірнеше заңжоба енгізілді. Олардың ішінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» жаңа заңның жобасы бар.

Жоғарғы Соттың Төрағасы кез келген азамат аталған өзгерістермен Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында таныса алатынын және олар бойынша өз ұсыныстарын, сондай-ақ ескертулерін енгізе алатынын атап өтті. Үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері де Қазақстан Республикасы Парламентіндегі жұмыс топтардың шеңберінде осы заңжобаларын талықталуға қатыса алады.

Қ.Мәми алдағы Жоғары Сот Кеңесін (бұдан әрі – ЖСК) реформалау туралы айтып берді. Оның құрамына лауазымы бойынша тұрақты мүшелер ретінде Жоғарғы Сот Төрағасы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті бейінді комитеттерінің төрағалары,  Әділет министрі, Бас прокурор, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы, беделді ғалым заңгерлер, оның ішінде шетелдік сарапшылар мен Судьялар одағының өкілдері кіретін болады. Бұл ретте, ЖСК-нің мүшелерінің жартысын судьялық қауымдастықтың өкілдері құрайтын болады.

Интервьюде қолданыстағы заңнамаға судьяларды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер ашылып көрсетілген.  Мемлекет басшысы ағымдағы жылы тиісті Конституциялық заңға қол қойды.  Жаңа заңда он бес жылдан кем емес судьялық жұмыс өтілі бар орнынан түскен судьяға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленетіні көзделген.  Ол судьяның соңғы атқарған қызметіндегі лауазымдық еңбекақысының 50 пайызын құрайтын болады. Сонымен қатар қазіргі уақытта заң үстемдігі жөніндегі жұмыс тобы судьялардың орнынан түсу өтілін 20-25 жылға дейін арттыру жөнінде тағы бір ұсыныс әзірледі.

Жоғарғы Сот Төрағасы бүгін де ұлттық сот жүйесі өзінің жеткілікті жоғары тиімділігін көрсете білетіндігін атап өтті. Бұған көптеген халықаралық бағалар мен әлеуметтік сауалнамалардың қорытындылары айқын дәлел. Мәселен, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес  2015-2016 жылдардың қорытындылары бойынша «сот тәуелсіздігі» индексі бойынша Қазақстанның көрсеткіштері бірден 14 позицияға артқан. Еліміз ағымдағы жылы 140 ел ішінде 72 орынға ие болды (былтырғы жылы –86). Қазақстан Аргентина, Италия, Испания, Ресей, Түркия сияқты және басқа да елдерден озып кетті. Бұл республика бойынша сот жүйесін дамыту жөніндегі атқарылып жатқан саясаттың тікелей нәтижесі.

Интервью соңында Қ.Мәми «Ұлт Жоспарын орындау нәтижесінде соттардың жұмысы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Олар неғұрлым кәсіби, жедел, ашық, қолжетімді, әділ әрі тәуелсіз болады. Соттардың ашықтығын арттыру жөніндегі практикалық құралдар күшейтілуде. Азаматтар үшін бұл тек қана мынаны білдіреді – олар әрқашан өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алады да ол қорғауды қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте алады», - деп атап өтті.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651