Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2825 0 пікір 12 Қазан, 2015 сағат 10:26

МИНСКІДЕ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Минскіде жексенбі күні кешкісін, президент сайлауына дауыс беру аяқталған соң, бірнеше ондаған адам Белоруссияның үкімет үйі алдында рұқсат етілмеген акцияға шықты.

Жиынға сонымен бірге құқық қорғау қызметкерлері мен қолдарында дауыс үдеткіштері бар штат өкілдері де болды. Бір-бірлеріне қарсы ешқандай белсенді әрекет жасамады.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, Лукашенконы сайлауға қатысқандардың 83,49 пайызы қолдап дауыс берген. Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 86,7 пайызы қатысқан. Ал қалған үш үміткер Сергей Гайдукевич бес пайыздан астам дауыс алса, Татьяна Короткевич — бес пайыз, Николай Кулахович — бір жарым процент дауыс жинаған. Экзитпулдың мәліметі бойынша, «барлығына қарсы» дауыс бергендер – жеті пайыз.  

1994 жылдан бері Белоруссияны басқарып келе жатқан Александр Лукашенко бесінші рет қайтадан президент болып сайланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651