Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3198 0 пікір 12 Қазан, 2015 сағат 10:36

МӘСКЕУДЕ "ТЕРАКТІНІҢ" АЛДЫН АЛҒАНЫ ХАБАРЛАНДЫ

Мәскеуде теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен он адам ұсталды деп хабарлайды «Интерфакс» құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Күдіктілердің дені Орталық Азия елдерінен шыққандығы, олардан бес килограмм көлеміндегі тротил баламалы жарылғыш зат тәркілегендігі айтылады.

«Интерфакстың» ақпарат көзі «бомба таяуда Анкарада орын алған жүздеген адам өліміне әкелген екі жарылыста қолданылған жарылғыш затқа ұқсайды» деген.

Ресей арнайы қызметінің ақпараты бойынша, Түркиядағы жарылыстан айырмашылығы Мәскеудегі «террорист-жанкештілер» детонаторды ұялы телефон ретінде пайдаланбақшы болған.

Осының алдында Ресей қауіпсіздік күштері Мәскеудің әкімшілік орталығында террористік акті ұйымдастырмақ болған бірнеше адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646