Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 3168 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 02:00

ОҚО: КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Түлкібас ауданының прокуратурасымен аудандық Ішкі істер бөлімінде (бұдан әрі – бөлім) халықтың көші-қоны туралы заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері, көші-қон процестерін реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу болып табылады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Түлкібас ауданының прокуроры А.Пашаевқа сілтеме жасап.  

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде заңсыз көшіп келудің жолын кесу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және оларды тіркеу бойынша шаралар қолдануға, олардың Қазақстан Республикасына келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүру қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Алайда, Түлкібас АІІБ-нің көші-қон полиция тобының қызметкерлерімен бұл бақылау тиісті дәрежеде атқарылмаған.

Жүргізілген тексеру кезінде Түлкібас ауданының аумағында Өзбекстан Республикасының 1 азаматы және 1 Ресей Федерациясы азаматының Республика аумағында тіркелудің және жүріп-тұрудың тәртібін бұзып жүргендігі анықталды.

Сонымен бірге, аудан прокуратурасымен Түлкібас АІІБ-нің көші-қон полиция тобымен бірлесіп «Шақпақ-баба» бекетінде арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 7 азаматы Қазақстан Республикасында жүріп-тұру қағидаларын сақтамағыны, яғни бес күн мерзім ішінде ішкі істер органдарында уақытша тіркеуден өтпегені анықталды.

Тексеру нәтижесімен, аудан прокуратурасымен Түлкібас АІІБ-не прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Abai.kz

 

0 пікір