Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 3418 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 19:09

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ШЕТЕЛДІКТЕР "ШЫҒЫС ҚАҚПАДА" БОЛДЫ

«Алтынкөлдің» айналасы бүгінде қарбалас қимыл, қар­қынды жұмыс, алыстан екі иінінен демалып, алқынып жеткен алып жүк поездарының доңғалақ ырғағына толы. Бүгін мұнда «Құрғақ порттың» шетел елшілері мен тілшілеріне таныс­тырылуы өтпек. Соған орай Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған арнайы жо­лау­шылар пойызы өткен дүйсенбінің тал-түсінде еліміздің оңтүстік шығысындағы ең шеткі бекетіне жетті, - деп жазады Алматы облыстық "Жетісу" газеті.

Қазақстандағы шет­елдің 40 елшілігінің өкіл­дері мен маңызды ақпа­рат­ты әлемге танытып жүр­ген өзіміздің және өзге мемлекеттердің журна­листері арнайы сапар­ларын «Алтынкөл» темір­жол беке­тінің қызметімен танысу­дан бастады. Еліміз­дің Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы «Ал­тын­көл» бекетінің шетел­ден жүк өткізу қуаты мен оның айналасындағы са­лын­ған нысандар жобасын қонақтарға арнайы түсі­рілген бейнебаян арқылы таныстырды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» темір­жолы мен автодаңғылының мән-маңызы, бүгін ресми түрде жұмысына кіріскелі тұрған «Құрғақ порт» айла­ғының шетелдермен жүк алмасу қызметімен тікелей байланысты екендігі баса айтылды.

Бекет ғимаратындағы жүздесуде Алматы облы­сының әкімі Амандық Ба­та­лов «Алтынкөлдің» жа­нын­дағы149 гектараумақ­­қа салынатын «Құр­ғақ порт» айлағының елі­міздің экономикалық дам­уына ықпалы мен халық­аралық транзиттік әлеуе­тінің жоға­рылығына тоқ­талды. Елба­сының арнайы Жар­лы­ғымен құрылған «Қор­ғас – Шығыс қақпасы» ар­найы эко­но­микалық ай­мағында жүзеге асып жат­қан ауқым­ды жо­ба­лардың халық­ара­лық ма­ңы­зын тілге тиек етті.

Бұдан соң шетелдік қо­нақ­тар арнайы автобус­тарға отырып, «KTZE – Khor­gos Gateway» ЖШС әкім­шілік ғимаратына келді. Мұнда шетелдіктерге «Қор­ғас – Шығыс қақпасы» ар­найы экономикалық айма­ғы­ның жалпы жобасы және оның құрамындағы «Құрғақ порттың» құрылысы мен қызметі таныстырылды. Се­рік­тестіктің кең жиын­жа­йын­да өткізілген бұл шара­да «KTZE -Khorgos Gate­way» ЖШС бас директоры Карл Гейсен «Құрғақ порт» жайын жан-жақты талдап, баян­дама жасады. Мұнда Құр­ғақ айлаққа Қытай мем­лекеті тарапынан тар танап­ты 3, Қазақстан тарапынан кең жолақты 6 теміржол желісінің тартылғаны ай­тылды.

Бұл аймақта «Құрғақ порт­­пен» жапсарластырып189 гектараумаққа логис­тикалық орталық жасалып, ондағы қоймаларда мың­даған тонна жүк сақталып, сан тарапқа жөнелтіледі,230 гектаржерге индус­триялдық аймақ жасауға орын дайындалуда. Яғни, бұл арнайы экономикалық аймақ қуатты өндіріс орын­дарының өркендеуіне де жол ашпақ. Құрылыс жұмыс­тарына бас­тап­қыда жалпы 227 мил­лиард теңге жұм­салатын болса, оның 150 миллиарды жеке инвес­торлар есебінен қарас­тырылады. Карл Гей­сеннің айтуынша, осы алып құры­лыстың бәрі айналасы екі-үш жылда іске қосылып, қазіргі болжам бойынша 30 мың адамға жаңа жұмыс орыны ашылмақ.

Аймақ құрылысына 20-дан астам құрылыс ком­паниялары тартылды. Ал, алдағы жылдың алғашқы айларынан бастап «Hewiett Pacard», «Toyota», «DHL», та­ғы басқа да әлемге таны­мал көптеген компа­ниялар өз тауарларын осы жерден Орта Азия мен Батыс Еу­ропаға тарат­пақшы. Бұлар негізінен әл­ем елдеріне озық үлгідегі жеңіл, ауыр авто­көліктер, басқа да құ­рыл­­ғылар сата­ды. Ал АҚШ, Жапония сияқ­ты шет­елдік­тердің мұ­хит, теңізбен жө­нел­ткен жүгі Батыс Еу­ропа мен Орта Азия мем­ле­кет­теріне бір ай мерзімде жү­зіп жетсе, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзиттік теміржолымен жүк небәрі 9 күнде діттеген жеріне апа­рылады екен.

Шетелдіктермен өткен жиында елшілік өкілдері өз сауалдары мен ойларын ортаға салып, оларға Қа­зақ­станның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Карл Гейсен және «Қа­зақстан теміржолы» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев жауап беріп отырды. Форумнан соң еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыды­ры­сов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Қазақстан теміржолы» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев және Карл Гейсен журналистермен баспасөз конференциясын өткізді.

Бұдан соң барлық қо­нақ­тар «Құрғақ порт» ай­ла­ғына келіп, болашақта әлем нарығына қан жүгір­тетін алып құрылыспен танысты.

Жүздесу «Қорғас» ше­ка­рамаңы халықаралық ынтымақтастық» орта­лы­ғы­ның қабылдау ғима­ратында жалғасты. Мұнда қонақтарға «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» арнайы эко­номикалық аймағындаа болашақта жұмыс істейтін адамдарға салынатын тұр­ғынүй кешенінің бас жобасы таныстырылды. Жалпы аумағы 500 гек­тарды қамтитын бұл ке­шенде тұрғын үйлермен қатар мектеп, балабақша, тағы басқа да әлеуметтік құрылыстар салынады. Аймақтың Орта Азия мен Еуропа елдерінің нары­ғына әкелер орасан зор ықпалын айтпағанда, шек­ара түбінде 100 мың адам қоныстанатын жаңа қала пайда болады. Арнайы экономикалық аймақта 30 мың адам жаңа жұмыс орынын таппақ.

Қорғас өңіріндегі бұл кездесу әлемнің әр түк­піріне жақсы жаңалық­тарымен қатар халық­аралық ынтымақ­тастық­тың ыстық лебін де әкетті.

Панфилов ауданы

Abai.kz

0 пікір