Жұма, 17 Мамыр 2024
Арандату 4000 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 11:28

РЕСЕЙЛІК РЕЖИССЕР КЕШІРІММЕН ҚҰТЫЛМАҚ ПА?

 

Жақында abai.kz порталында ресейлік режиссер «Алматыны Ресей құрамына қосып жіберді» атты мақала жарық көрген болатын (http://abai.kz/post/view?id=5141). Бүгін сол "Голоса большой страны" атты даулы фильмнің режиссері Таир Мамедов геосаяси-идеологиялық мысқындағы фильм тизеріне қатысты Tengrinews.kz-ке түсініктеме берген. Түсініктемеде айтылғандай, ресейлік режиссер филмьмнің әкімшілері тарапынан ағаттық кеткенін мойындаған. 

«Кино – бұл күрделі процесс. Онда бір ғана емес, көптеген департаменттер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, үлкен ұжым болған соң, қателіктер де болып тұратыны да қалыпты жағдай. Біздің жарнамалық роликті әзірлеген әріптестеріміз географиялық қателіктер жіберген екен. Біз мұны өзгертеміз. Кинода бұл жерлері мүлдем болмайды. Кешірім өтінеміз, айып етпеңіздер және бұл үшін уайымдамасаңыздар да болады», - дейді ресейлік режиссер Таир Мамедов.

Ал осының алдында, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы даулы тизерге қатысты өзінің мәлімдемесін жасаған болатын (http://abai.kz/post/view?id=5154). Министр мырза ҚР Сыртқы істер министрлігі қандайда бір жағдай орын ала қалатын болса, Ресейге наразылық нотасын жіберуге даяр екенін айтқан болатын.

Иә, кино бүгінгі күнің негізгі идеологиялық құралы екені сөзсіз. Кино арқылы бүгін, жетіліп  келе жатқан өспірімдер тәрбие алатыны да рас. Ал бүгінгідей алағай да бұлағай кезеңде – ресейлік одақтастарымыздың қазақ даласына көз алартып, Тәуелсіз мемлекетіміздің солтүстік өңірлеріне шүйлігіп отырғаны да жасырын емес. Цензура  шынжырына бағынбайтын әлеуметтік желілерде жат пиғылды топтар ашып, шовинистік ниеттерін танытып отырғаны тағы рас.

Ендігі жерде саяси шабуылдар жасау үшін – өнерді, оның ішінде киноны қолданғанының куәсі болғанымыз қынжылтады. Айтарын айтып, айранын төгіп болып, «біз географиядан сауатсыз едік» дегеніне жол болсын.

Көрермендер назарына  келесі жылдың қаңтар айында шығатын ресейлік фильмнің тизері, дәлірек айтсақ оның идеологиялық мысқыны қазақстандық белсенділердің наразылығын туғызған. Тіпті, әлеуметтік желі қолданушылары аталмыш фильмді Қазақстан территориясында көрсетуге тыйым салуға үндеген парақшалар да аз емес.

Себебі, Ресейлік режиссердің ұсынып отырған  идоелогиясы мен астары – кешегі кеңестік кезеңді ашық нұсқаған. Себебі, жаңа туындыда Ресейдің бірнеше қаласымен қатар, Қазақстанның Алматы қаласы, Арменияның Ереван қаласы, Белорусияның Минск қаласы, Грузияның Тблиси қалалары қазіргі РФ-ның құрамдас бөлшегі деп көрсетілген.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637