Сенбі, 31 Шілде 2021
Билік 3023 0 пікір 1 Қараша, 2015 сағат 03:00

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ШЫМКЕНТТЕГІ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ БОЛДЫ

Олимпиада жеңімпазы шымкенттегі спорт мектебінде болды, - деп хабарлайды Abai.kz порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қарашада Қазақстанның велоқауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің  қолдауымен «Rixos Хадиша Шымкент — 2015» қайырымдылық велошеруі өтті. Айтулы спорттық шараға Лондондағы  XXX жазғы Олимпиада ойындарының  жеңімпазы Александр Винокуров қатысты. 

Осыған орай 31 қазан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, олимпиада чемпионымен бірге қалалық №2 жеңіл атлетика мен велосипед спорты мектебінің жас спортшыларымен кездесті. Салтанатты шарада шаһар басшысы елімізді әлемге танытып жүрген чемпионға "Қазақ хандығының 550 жылдығы" көркем картинасын сыйлады.
Өз кезегінде Александр Винокуров спортқа жанашыр болып жүрген Ғабидолла Рахматоллаұлына бағалы велосипед тарту етті. Сонымен қатар аталмыш мектеп ұжымына Олимпиада чемпионы "Vino" кәсіби спорттық велосипедін сыйлап, жас талапкерлердің  алаңсыз жаттығуына жағыдай жасады. 

Жаңбырлы және суық ауа райына қарамастан велошеруге 100-ден астам адам қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандарды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахвмовтың өзі шығарып салды. Шеру жолы "Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйінен басталып, сонда аяқталды. Яғни, қатысушылар осы жерден шығып, Наурыз алаңына барып, қайтып келді. Жолдың жалпы қашықтығы - 15 шақырым. "Біз осы қайырымдылық қорын ұйымдастыруды ойлап, Шымкенттегі достарымызға хабарластық. Ал олар қалалық әкімдікпен байланыстырып, енді, міне, шеруді ұйымдастырып отырмыз. Бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын", - деді Александр Винокуров.

Салтанатты шараның соңында құрметті қонақтар жасөскіндермен бірілкте естелік суретке түсіп, Александр Винокуров өзі қолтаңба қалдырған кітабын  берді. Сондай-ақ шара барысында дарабоз спортшы шаһар басшысына Шымкенттен велоспорт федерациясын ашуға ұсыныс жасады. 

Іс-шараның  көздегені  велоспорттың дамуы, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды осы спорт түріне көптеп тарту. 

Abai.kz

0 пікір