Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6805 0 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 09:39

ОҚО ӘКІМІ ЮНЕСКО-НЫҢ САРАПШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ОҚО басшысы Б.Атамқұлов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларын қабылдады, – деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Екі жақты кездесуде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жағдайы мен реставрация жұмыстарын жүргізу мәселелері және кесенені қорғау, Түркістандағы ескерткіштерді қорғау жайы сөз болды.

Қос тарап «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының маңында  құрылыс жүргізу ісінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау жөнінде пікір алысты.   

Халықаралық сарапшылар Түркістан қаласындағы тарихи кешенде зерттеу жұмыстарын 13 қарашаға дейін жүргізетін болады.

Естеріңізге салсақ, 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір