Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 5013 0 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 10:12

КӨЗІМЕ ЖАС КЕЛДІ


Өзіміз тұратын ауданның әкімінің есеп беру жиналысына бардым. Әкіміміз аса бір шешен болмаса да тәуір сөйлейді екен.

Жиылған жұртшылықты баурап алды. Халық жым-жырт. Әкіміміз тоқтаусыз сөйлеп жатыр. Ел тағдыры, мемлекет болашағы, саяси-экономикалық ахуал, әлеуметтік жағдай. Өсіп жатқан ЖІӨ, көтерілген айлық. Үнсіз мүлги түстік. Әкіміміз жалындаған үстіне жалындап, тым-тым асқақтап бара жатты. Кейде әкімнің сөздеріне еріп, оның қиялын қуып жетіп алып, өзім ойыммен озып кетіп отырдым. Әкімім де жүйрік екен. Елім деп еңіреп-ақ тұр. Ел үнсіз. Монотонный жиналыстың әсері ме екен, бір кезде ұйқым келе бастағандай болды. Еркімнен тыс есінеп жіберіп едім, көзімнен жас шығып кетті... Алда жарылқағыр-ай.

Бейбіт Сарыбай

Facebook-тегі парақшасы

0 пікір