Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 5475 0 пікір 6 Қараша, 2015 сағат 03:00

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ""АЛТЫН КҮЗ-2015" МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Соңғы жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы дамып, әл-ауқаты артқаны белгілі. Қазығұрт ауданында да кіші агроқұрылымдарды ірілендіру, тамшылатып суару әдісін ендіру, жылыжай шаруашылығын ұлғайту, мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жолға қойылған. Жергілікті диқандар 2015-жылы да қырманды астыққа толтырып, жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс дақылдарын өндіруде еселі еңбек атқарды.

«Алтын күз – 2015» мерекесі де келіп жетті. Шаруалар мен дихандар бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс дақылдарын және қайта өңделген дайын өнімдерді Қазығұрт кентінің Орталық алаңына жәрмеңкеге шығарып, тұрғындарға базар құнынан төмен бағада саудалады.

Аудандық мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен еңбеккерлерінің мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Аудан әкімі Б. Қыстауов, аудандық мәслихаттың хатшысы М. Момынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Омаров және аудандық Агроөнеркәсіп кешені кәсіподағы ұйымының төрағасы Е. Балтаев ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен еңбеккерлерін мерекемен құттықтады және олардың арасынан зор табысқа жеткен озаттарды марапаттады.

Шарбұлақ ауыл округіне қарасты «Тастемір ата» өндірістік кооперативі егілген астықтың әр гектарынан 31 центнерден өнім алып, 372 тонна астық бастырды. ӨК төрағасы Әбілахан Жылқыбаев ауданның ауыспалы Туын қабылдап, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықпен марапатталды. Нақ осындай мәртебеге биязы жүнді қойдың әр жүз саулығынан 105 қозы алып, әр қойдан 4,8 кіллә жүн қырқуға қол жеткізген Шарапхана ауыл округіне қарасты «Самат» шаруа қожалығының аға шопаны Самат Тұрғараев та ие болды.

Мақсары, ақтүйнек, бақша дақылдары, жы­лы­­­жай­дағы көкөніс, ет өндірісі бойынша «Егемберді» ­шаруа қожалығының төрағасы Райымберді Ыбырайымов (Тұрбат а/о),  «Бақыт» шаруа қожалығының төрағасы Ержан Анашев (Қақпақ а/о),  «Есіркеп» шаруа қожалығының төрайымы Сәуле Қаратаева (Қақпақ а/о), жеке кәсіпкер Мүсірәлі Арапбаев (Шарбұлақ а/о), «Қарқын-2030» ЖШС-нің төрағасы Нұрғали Әбдібаев (Қақпақ а/о) пен «Мұқан» шаруа қожалығының төрағасы Бақытжан Ибрагимов (Қ.Әбдалиев а/о), ал, астық бойынша «Амангелді» ЖШС-нің төрағасы Нұрлан Құралов (Шанақ а/о), «Байтүгел» өндірістік кооперативінің төрағасы Сейітқали Сапарәлиев (Жаңабазар а/о), «Шарбұлақ» өндірістік кооперативінің төрағасы Бекәлі Әшір (Шарбұлақ а/о), Қарақозы Әбдәлиев ауыл округінен өндірістік кооператив төрағалары Амантай Әлтенов («Ақпан батыр»), Арын Қалшабеков («Үшбастау»), Сағидулла Батырбай («Айқожа») және Әділет Сванов («Мырзакелді») озат деп танылып, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Агроқұрылымдар арасында үйлестіру жұмыстарын жүргізгені және астықтан жоғары көрсеткішке жеткені үшін Қ.Әбдалиев ауыл округінің әкімі Оразалы Қазыбаев,  Жігерген ауыл округінің әкімі Баратбай Үсіпов, жеміс-жидектен жоғары өнім алған Қызылқия ауыл округінің әкімі Омар Төребаев, «Сыбаға» бағдарламасының қаржыландыруымен еселеп, артығымен өнім өндірген Алтынтөбе ауыл округінің әкімі Бауыржан Тойшиев, «Алтын астық» бағдарламасының қолдауымен қойдың санын екі есеге көбейткен С. Рақымов ауыл округінің әкімі Сапарбек Мақұлбаев, «Құлан» бағдарламасының қаржылай қолдауымен жылқы санын арттырған Шарапхана ауыл округінің әкімі Әбсамат Тойшиев аудан әкімінің «Алғыс хатына» және бағалы сыйлыққа  ие болды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына сіңірген еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін облыстық мәслихаттың Грамотасымен аудандық мәслихаттың депутаттары Есболат Нышанбекұлы мен Арын Батырбекұлы, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің нұсқаушысы Сапарбай Сүйеубеков, Қ. Әбдәлиев ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы Дастан Көшікбаев (Қ.Әбдалиев а/о), «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы директорының орынбасары Әбдірахым Мәтелі, «Көкібел» ЖШС-нің директоры Мақсұт Сыдықов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Нұрбол Оңтаев, ауданның «Құрмет грамотасымен» өндірістік кооператив төрағалары Тұран Жүнісов («Қасымбек ата») пен Мәди Тайсалов («Нұр Астық»), жеке кәсіпкерлер Гүлзия Бейсебаева мен Құрал Дәуей, «Ауыл» мекемесінің қызметкерлері Шәріпбек Байтөреев пен Әділбай Боранбай, аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» аудандық статистика басқармасының жетекші маманы Нұрболат Ысмайылов, «Қазығұрт су шаруашылығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының гидротехнигі Сабыр Нұрлыбеков және «Ермаш ата» шаруа қожалығының төрағасы Тамшыбек Доматов марапатталды.

Сондай-ақ, комбайншылар Қ. Мырзаәкімов, А. Бөкеев, С. Тұяқбаев, Қ. Әбенов, Б. Баратов, С. Алдан, механизаторлар И. Ковязин, Ә. Елтоқов және М. Нұрлыбеков аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықпен марапатталса, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бір топ азамат – Мырсейіт Ералиев, Ертуған Сералы Ошаев, Сейдалы Сопыбеков, Самат Көшербаев, Тоқтарбай Парманов, Қалдар Ергешов, Дариға Әділбекова Қазығұрт ауданы Агроөнеркәсіп кешені кәсіподағы ұйымының грамотасына ие болды.

Abai.kz

0 пікір