Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3151 0 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 11:36

"ЖАС АЛАШТЫҢ" СОТЫ: ЖАРЫССӨЗ БАСТАЛДЫ

Алматыда бүгін "Жас Алаш" газетінің үстінен жазылған шағым бойынша сот жалғасты.

"Азаттық" тілшісінің хабарлауынша, Алмалы аудандық 2-сотында өтіп жатқан сот бүгін жәбірленуші тарап пен жауапкер тараптың жарыссөзіне ұласты.

Сот Алматыдағы Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының шағымы бойынша өтіп жатыр. Шағымданушы "Жас Алаш" газетінің шуығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етеді.

Жасан Зекейұлы соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге (1 миллион 500 мың долларға жуық - ред.) өтемақы төлетуді сұрайды. Оның ішінде "Жас Алаш" газетіне "тиесілі" сома - 100 миллион теңге (370 мың доллардай ақша - ред.). Шағымданушы қалған 300 миллион теңгені өзінің бұрынғы әйелі, бұрынғы қайын атасы және "Жас Алаштың" бір оқырманынан теңдей 100 миллионнан өндіріп беруді талап етеді. Жасан Зекейұлы газеттің жазбаша түрде кешірім сұрауын да талап еткен.

Басылымның үстінен сот қазанның 12-сі күні басталған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1397
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1228
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 985
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1061