Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5380 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:44

Футболдан Қазақстан чемпионатының он үшінші турында Қостанайдың «Тобылы» қарағандының «Шахтерімен» тең ойнады

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ - Футболдан Қазақстан чемпионатының он үшінші турында Қостанайдың «Тобылы» қарағандының «Шахтерімен» 1:1 есебімен тең ойнап, көш басында қалды.

Бірінші болып есепті шахтерліктерден ойынның 72-ші минутында босниялық легионер Алдин Джидич ашты. Қостанайлықтар Дмитрий Пархачевтің арқасында есепті теңестіріп үлгерді.

Павлодарлық «Ертіс» астаналық «Локомотивті 3:1 есебімен ұтты. Павлодарлықтардан Сергей Иванов пен дубльді Георгий Даскалов салды. Қонақтардан жалғыз голды Роман Пахалюк салды.

Көкшетаудың «Оқжетпесі» алматының «Қайратынан 0:1 есебімен ұтылды. Гол салған Бекзат Бейсенов.

«Тараз» шымкенттің «Ордабасымен» - 0:0 тең ойнады. 

«Атырау» оралдың «Ақжайығын»2:0 есебімен ұтты. Дубль румыниялық легионер Мариус Кроиторудың есебінде.

«Ақтөбе» талдықорғандық «Жетісуды»- 2:1 есебімен ұтты. Ел чемпионының құрамында камерундық Эссомба мен Самат Смаков гол салса, қонақтардан Серікжан Мұжықов салды.

Он үшінші турдан соң көш басында 26 ұпаймен қостанайлық «Тобыл» келеді. Екінші орында «Ертіс» - 25 ұпаймен. Үшінші орында қарағандылық «Шахтер», 24 ұпаймен келеді.

Ел чемпионатының 14-ші туры 8-ші маусымда өтеді.

0 пікір