Сенбі, 18 Мамыр 2024
Уақ-түйек... 2824 0 пікір 13 Қараша, 2015 сағат 03:00

Қала әкімі «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы» аясында алғашқы тапсырмаларды жүктеді

Қала әкімі «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы» аясында алғашқы тапсырмаларды жүктеді, - деп хабарлайды Абай порталы.

Қала әкімі «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы» аясында алғашқы тапсырмаларды жүктеді. Шымкентте бірнеше нысан мемлекет меншігіне өтпеген. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен мәжілісте Шымкент қаласының экономикалық және қаржы бөлімінің басшысы Р.Мүлкеманов баяндамасында мәлім етті. Бұдан бөлек, мәжіліс барысында қаланың мәдени нысандары, демалыс аймақтары мен қоғамдық орындарының, өзен-каналдарының жағдайы  туралы да сөз етілді. Түрлі сала мамандары қатысқан жиналыста қала басшысы Ғ.Әбдірахымов аталған мәселелердің шешімін табуына байланысты нақты тапсырмалар жүктеді. 

Жыл басынан бері коммуналды меншікті басқару және нысандарды тиімді пайдалану мақсатында қаланың меншігіне 2 тұрғын емес жайлар, 1 автомобиль жолдары, 4 әкімшілік ғимараттар, 3 коммуналдық мемлекеттік мекемелер, 1 жобалау сметалық құжаттама, 1 автокөлік және басқа да 32 негізгі құралдар қабылданыпты. Ал, қаланың иелігінен облыстың меншігіне 1 тұрғын емес жай, 2 әкімшілік ғимарат, 1 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 1 инфрақұрылым жүйесі, 8 жобалау-сметалық құжаттама және басқа да 88 негізгі құралдар өткізілген. Биыл 145 келісім-шарт негізінде жалға берілген нысандардан түскен қаржы 35,9 миллион теңгені құрапты. Қазіргі кезде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту және жер қатынастары бөлімдері бойынша, бірнеше нысанның мемлекет меншігіне өтпей тұрғанын қала әкімі сынға алды.
Жиын аясында арнайы қаулы қабылданып, оның орындалуы бойынша шешім бірауыздан қолдау тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654