Жұма, 17 Мамыр 2024
Билік 3612 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 12:07

ОҚО: МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ

Кентау қаласында жылыту маусымы 29 қазаннан басталды. Алғашқы кезекте бюджеттiк мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылу жүйесiне қосылды. Бүгiнгi күнi жеке сектордағы үйлерге жылу беру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының орынбасары Арман Басаров брифингте мәлiмдедi, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тілшісі.

Биыл көпқабатты тұрғын үйлердiң көпшiлiгiне жылу есептегiш құралдары орнатылды. Мамандардың сөзiне сүйенсек, бұл жүйенiң тұрғындар үшiн де тиiмдiлiгi көп болмақ. Яғни, төлемақы тек алған жылуының температурасына байланысты төленедi. Сондай-ақ, есептегiш құрал арқылы құбырдағы суды ұрлаушыларды анықтауға да болады. Құрылғы интернет жүйесi арқылы басқарылатындықтан, ай сайын «жертөлеңдi аш, көрсеткiштi жазып аламын» деп ешкiм мазаламайды. Барлық мәлiмет интернет арқылы «Кентау сервис» мекемесiнiң есеп-қисап бөлiмiне түсiп отырады.

– Моноқала бағдарламасы бойынша магистральды құбырларды қайта жарақтандыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Магистральды жылу жүйелерiнiң белгiлi бөлiгi ауыстырылып, изоляция жасалды. Бұл бағытта биылға бөлiнген қаржылар толығымен игерiлдi. Облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, отын қоры көбейтiлдi. Каржы бөлiнiп, iшкi орам жүйелерi жөнделдi. Өткен жылы қала тұрғындарының арызы бойынша жылу алмаған үйлердiң құбырлары ауыстырылды. Бүгiнгi күнi тұрғын үйлердiң жылу жүйесiндегi орын алған ақауларды жоюға 7 бригада жұмылдырылып отыр. «Кентау сервис» мекемесiнiң кезекшiлiк бөлiмi 24 сағат бойы жұмыс атқаруда. Қатты және сұйық отын қоры жеткiлiктi, – дедi Арман Басаров.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Кентау қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636