Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3553 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 11:34

РЕСЕЙ ӘБЛЯЗОВТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРМЕЙДІ

Ресей бас прокуроры Юрий Чайка Ресейдің қазақстандық оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовті Қазақстанға «экстрадициялау ниеті жоғын» мәлімдеді.

Бұл туралы Чайка бүгін Астанада коррупциямен күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңес отырысынан кейін айтты.

«Қазір [Мұхтар Әблязовті] экстрадициялау жөнінде мемлекеттік кеңес деңгейінде шешім шығуы тиіс. Егер ондай шешім қабылданса, онда ол Ресейге эксрадицияланады. Оған Ресейде айып тағылады» деген Юрий Чайка.

Қазақстандық «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр. Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.

Бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарып, Франция премьер-министрі Мануэль Вальс тиісті жарлыққа 17 қыркүйекте қол қойған. Қазақстан билігі Әблязовті «БТА банктің» алты миллиард доллар ақшасын жымқырды деп айыптайды. Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптардың саяси негізі бар деп санайды.

Әблязовтің отбасы Мәскеу оппозициялық саясаткердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауы және істі әділ қарамауы ықтимал деп, Франция билігін экс-банкирді Ресейге бермеуге шақырады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678