Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 4318 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 13:26

ОҚО ӘКІМІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА БАРДЫ

Өңiр басшысы Б.Атамқұлов Төлеби ауданындағы сапарын Жоғары Ақсу ауылдық округiне қарасты Сарқырама елдi мекенiндегi «Атамекен корпорациясы» ЖШС-нiң мал фермасын, сүт өңдеу цехын, ауылдағы дәрiгерлiк амбулаторияны аралаудан бастады, - деп жазады "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тілшісі.

Аудан әкiмi Ә.Тұрғымбеков, аталмыш серiктестiң бас директоры М.Төлтебаев құрылымның тыныс-тiршiлiгiмен таныстырды. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң бағымындағы 800 мыңнан астам қара малдың 200-ге жуығы сауын сиыр. Оның 180-i сауылып, сүтi серiктестiктiң өз цехында өңделедi. Бұл жерден түрлi сүт өнiмдерi саудаға шығарылуда. Азаматтарын жұмыспен қамтып, бiр ауылды асырап отырған «Атамекен корпорациясы» ЖШС-i бизнестiң жауапкершiлiгi аясында елдi мекеннiң күрмеулi әлеуметтiк мәселелерiн оңтайлы шешкен.

Мұрат Төлтебаевтың айтуынша, тозығы жеткен жайларды өз қаржысына күрделi жөндеуден өткiзiп, мемлекет меншiгiне өткiзген. Дәрiгерлiк амбулатория халыққа қызмет етуде. Мәдениет үйi тұрғындар игiлiгiне берiлген. Шаштараз қызметiн ауыл тұрғындары пайдалана алады. Жастар бос уақытында арнайы жабдықталған алаңда футбол, волейбол, баскетбол ойнай алады. Билльярд залы бар.

Ауылдың қариялары әр бейсенбi сайын қымызханада бас қосып, елдiң бiрлiгi мен ынтымағын сақтау, жастар тәрбиесiне ықпал ету жөнiнде жиi әңгiме-дүкен құрады. Тұрғындар туған күн, тағы басқа мәдени шаралар өткiзгiсi келсе, мейрамхана қызмет көрсетуге әзiр. Көшенiң арғы бетiнде имандылық үйi–мешiт мен мұндалайды. Кәсiпкер, облыстық мәслихаттың депутаты М.Төлтебаев 50 орынды балабақша ашып, «Балапан» бағдарламасын орындауға өзiнiң үлесiн қосты. Облыс әкiмi Б.Атамқұлов: «Әрбiр кәсiпкер өз ауылына осындай шағын спорт кешенiн салып берсе, өскелең жастарға жасаған үлкен қамқорлық болар едi. Олар көше кезiп, тәртiпсiздiкке ұрынбай, қайта дене шынықтырып, салауатты өмiр салтын ұстанатыны сөзсiз»,–дедi.

«Атамекен корпорациясы» ЖШС-нiң базасында аймақ бойынша ұйымдастырылған көрменi тамашалаған облыс басшысы төлебилiктердiң әлеуетi мен мүмкiндiгiн бағамдағандай болды. Аудан егiн және мал өсiруге қолайлы аймақ. Биыл диқандар дәндi және майлы дақылдардан жоғары өнiм жинап, облыс орталығында өткен «Алтын күз» байқауы қорытындысында жеңiмпаз атанып, лайықты марапатқа ие болды. Бау-бақша жайқалып, оның аумағы жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Озық технология бойынша тамшылатып суару тәсiлi кеңiнен қолданылуда. Өнiмдерi облыс орталығына және республикаға шығарылуда. Шаруалар қара мал мен жылқы өсiруге бейiм. Әсiресе, төлебилiктердiң даңқы қымыз өндiрiп, оны сатумен шықты. Әттең, жайылым аз. Ал, табиғаты туризмге сұранып тұр. Көктем, жаз айларында мұнда демалуға келушiлер күрт көбейедi.

Көксәйек елдi мекенiнде орналасқан «ФудМастер-Шымкент» ЖШС-i тәулiгiне 70-80 тонна сүт өңдеуге қабiлеттi. Мұнда айран, биоайран, қаймақ, пастерленген сүт өнiмдерi шығарылады. Кәсiпорында 113 адам еңбек етедi. Аталмыш ЖШС-нiң басшылары цехты аралатып, кәсiпорынның тыныс-тiршiлiгiмен таныстырды.

Мұнан кейiн Бейбiт Бәкiрұлы Леңгер қаласындағы жаңа ауруханада болды. Облыс басшысы жолай қала орталығындағы «Оңтүстiк орамына» соқты. Мұндағы көше тұрғындары су жүретiн құбырлар тартылған соң қазған шұқырлардың уақтылы тегiстелмей жатқанына әрi асфальт төселмегенiне шағымданған екен. Жол ретке келтiрiлiп жатты. Жұмысшылар оны кешке дейiн аяқтауға сөз бердi. ОҚО әкiмi оны өз бақылауында ұстайтын болады.

Серiкқали ЖЕКСЕНБАЕВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1418
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1250
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1073