Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4695 0 пікір 24 Қараша, 2015 сағат 07:59

ӨЗБЕК МҰҒАЛІМІ ГОМОСЕКСУАЛИЗММЕН АЙЫПТАЛДЫ

Өзбекстанның Әндіжан облысында милиция қызметкерлері 20 жастағы мектеп мұғалімі Мухаммадризо Эргашевты гомосексуализммен айыптаған. Бұл жөнінде «Озодлик» (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарлайды.

Жас мұғалімнің туыстары бұл айыпты жоққа шығарады. «Милиция қызметкерлері оның ұялы телефонынан порно-видео тауып алдық дейді-мыс. Бірақ шын мәнінде ол электр энергиясының жоқ екенін ашық айтқан», - дейді мұғалімнің туыстары.

Алайда милиция Эргашевті ұстауға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

20 жастағы Мухаммадризо Эргашевтың өзі 2015 жылдың 19 қазанында жарық беретін электр станциясына қатысты шағым түсірген. Алайда жауап ретінде милиция қызметкерлері оны бес тәулік бойында сусыз, тамақсыз ұстаған.

Өзбекстандық БАҚ-тың мәліметі бойынша, Өзбекстанның ауылды аймақтарында соңғы бірнеше жылдан бері жарықты тәулігіне 2-3 сағатқа ғана беріп келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар