Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3690 0 пікір 28 Мамыр, 2010 сағат 06:02

Жайық таралымындағы киіктер жаппай қырылып жатыр

Жұртты шулатқан жайық таралымы киіктерінің жаппай қырылуы әлі де жалғасуда. Оның нақты себебін анықтау үшін құрылған комиссия мүшелері киіктердің аналығында ғана кездесетін эпидемиологиялық аурудан екенін хабарлаған болатын. Алайда, осы оқиғаның анық-қанығын әлі де нақты тексеру үстінде.

Бүгін ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының бастықтары мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК директорына шұғыл тапсырма берді.

Дәл осы күні Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында киіктердің жайық таралымының негізгі үйірі шоғырланған жерлерде киіктердің жаппай қырылуы байқалуда. Осыған байланысты киіктер және жануарлардың басқа түрлері шоғырланған жерлердің мониторингін күшейту жөнінде кезек күттірмес шаралар қолданып және нәтижелері жайында күн сайын сағат
10:00-де (Астана уақыты) Комитетті жазбаша хабарлап тұруды тапсырды аталмыш комитеттің төрағасы Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев.

Сондай-ақ, олар жануарлардың күдікті жүріс-тұрысы, фактілері жайында (ішінің кеуіп кетуі, аузынан көбік ағуы, іші өтуі және т.б.) Комитетті және жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының тиісті қызметтерін дереу хабардар ететін болады.

Қостанайдағы «Арақарағай орман мекемесінің»

жекелеген учаскесі басқа санаттағы жерге ауыстырылмақ.

Әсел Назаралы

Астана қаласы

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130 және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қойды.

Қаулыда Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Арақарағай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы көлемі 111,1 га жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан осы қаулыға қосымшаға сәйкес елді мекендер жерлері санатына ауыстырылу көрсетілген.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман және ауыл шаруашылығы жерлерін орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда алып қоюдан туындаған 783 0840 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың сегіз жүз қырық) теңге өлшеміндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Әсел Назаралы

Астана қаласы

0 пікір