Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 5623 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, Созақ ауданы, Тасты ауылында 50 орындық «Қызғалтақ» бабалақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева құттықтау сөз сөйледі.  «Балапан» бағдарламасының аясында ашылып отырған балабақша ауыл өміріндегі елеулі оқиғаның бірі. Аталған бағдарламаның орындалуы аудан бойынша 80 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін, 81,6 пайыз болады деп күтілуде.»- деді.  Сондай-ақ, ауыл биі Ж. Айтбайұлы, ауыл ақсақалы Ж. Жүнісұлы игі тілектерін білдірді. Қазақ француз біріккен кәсіпорны «Катко» компаниясы демеушілік жасаған балабақша құрылысы 2013 жылы басталған. Соңғы үлгідегі заманауи  жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Мұнда, бүлдіршіндерге қажеттінің барлығы бар. Ойын бөлмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, ойын алаңшалары, тіпті балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесіде қамтылған.  Жалпы сметалық құны 203,333 млн құрайтын нысанға құрылысын «ЖаңаАрнаҚұрылыс» ЖШС жүргізді. Ғимаратқа тиесілі жер көлемі 5,2 гектар,  ғимарат аумағы аумағы 1000,99 м2 алып жатыр.

Сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформа. Даму" атты халыққа Жолдауын Созақ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, аудан  әкімі М. Исаев, аудан әкімдігінің қызметкерлері, маслихат депутаттары, жергілікті белсенді тұрғындармен бірлесе отырып тыңдады. Президент Жолдауын талқылаған жиналған қауым, өздерінің ойларын ортаға салды. Аудандық маслихаттың депутаты Ж. Сатыбалды «Бүгінгі Жолдау, әлемдегі құбылмалы саяси жағдайда елдің дамуына бағыт-бағдар береді» - деген пікірін айтты.
Жиын Тұңғыш Президент күнін атап өтумен жалғасты. Аудан халқын айтулы мерекемен құттықтаған аймақ басшысы М. Исаев: «Осынау күннің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. Бұл күн - Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел ретінде танытқан Елбасының президент болып сайланған күні» - деп, тәуелсіздік алғалы аудан көлемінде болған оң өзгерістерді атап өтті. 24 жылдың ішіндеу аудан көлеміне 18 мектеп, 24 денсаулық нысаны салынған. Аудан бюджеті 7 млрд теңгеге дейін өскен. Мектепке дейінгі білім беру мекмелерінің саны 28 құрап отыр. Осының барлығы тәуелсіздік тұсында жеткен жетістігіміз. 
Айтулы күні ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады. 

Abai.kz

0 пікір