Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 4318 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

Тұңғыш Президенті күніне орай ауданда бірқатар спорттық іс-шаралар өтті

Тұрар Рысқұлов ауылы, Жанкент мөлтек ауданы Жанкент спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ересектер арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өткізілді. Жарысқа 21 спортшы қатысты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов ауылы, Жанкент мөлтек ауданы Жанкент спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ересектер арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өткізілді. Жарысқа 21 спортшы қатысты. Сонымен қатар Сайрам ауданынан параолимпиада ойындарынан Қазақстанның 9 дүркін жеңімпазы  Ишимов Тулемұрат қатысып, жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.   Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі І-орынды Баймусаев Ескендір, ІІ-орынды Баймешов Андрей, ІІІ-орынды Тайлакбаев Ботажан иеленді. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2015 жылғы   Шұқырбұлақ ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы ЖОМ-ның спортзалында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі  мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай волейболдан 2002-2003 ж.т жасөспірім ұлдар арасында ауданның ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі І-орынды Ә. Молдағұлова  мектебінің командасы, ІІ-орынды Ғ. Мұратбаев  мектебінің командасы, ІІІ-орынды Жабағлы ауылының командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі  мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығының» бағалы сыйлықтары және медальдармен марапатталды.

Абай-ақпарат

0 пікір