Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3469 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:38

Бәденді әйел - әкімдердің бәріне беделді әйел

Жақында Павлодар облыстық мәдениет департаментінің бастығы Айым Қанафина журналистермен кездесу өткізіп, басшылық билікте ұзақ отыруының сырын ашты. Қанафина ханым аймақтың мәдениетін қолға алған 11 жыл ішінде облыста үш әкім ауысты. Төртінші әкім Бақытжан Сағынтаев күзде біраз ауыс-түйіс жасағанымен мәдениет департаментінің бастығына тиіспеді. Соған қарағанда сала басшысының «жұмысы» көңілінен шыққан болуы керек.
- Билік тізгінін осынша уақыт қолдан шығармай ұстап тұруыңыздың құпиясы неде? деп сұрақ қойған тілшіге ол:

Жақында Павлодар облыстық мәдениет департаментінің бастығы Айым Қанафина журналистермен кездесу өткізіп, басшылық билікте ұзақ отыруының сырын ашты. Қанафина ханым аймақтың мәдениетін қолға алған 11 жыл ішінде облыста үш әкім ауысты. Төртінші әкім Бақытжан Сағынтаев күзде біраз ауыс-түйіс жасағанымен мәдениет департаментінің бастығына тиіспеді. Соған қарағанда сала басшысының «жұмысы» көңілінен шыққан болуы керек.
- Билік тізгінін осынша уақыт қолдан шығармай ұстап тұруыңыздың құпиясы неде? деп сұрақ қойған тілшіге ол:
- Менің әдемілігімнің әсері болған шығар! – деп жауап берді. Айым Мүкәрамқызы өзі туралы әсте  артық айтып отырңан жоқ. Себебі, Павлодардағы мәдениет саласы соңғы оншақты жылда оңдырып іс тындырған емес. Аты бар да заты жоқ, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияны Керекулік журналистер «жырлап-жырлап» шаршады. Ғимараты бұрыңғы әкімдердің бірінің меншігіне өтіп кеткен. Аты бар дейтініміз филармония құжат жүзінде бар. Бірақ өмірде жоқ. Павлодар қаласындағы мәдениет үйіне, күллі республикаға кеуде қағып, Алматы мен Астанада жоқ әлемдегі ең қымбат «Стейнвей» маркалы екі роялды 32 миллион теңгеге сатып алды. 2006 жылы алынған күйсандықтар шаң басып тозып барады. Алысқа бармай-ақ соңғы бірнеше оқиғаны еске түсірейік. Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыкалы драма театры сәуір айында Түркия елінде өтетін түркі тілдес халықтардың театр фестиваліне жолдама алды. 20 елдің әртістері өнер көрсететін фестивалда Қазақстан театрларының ішінде іріктеуден тек Павлодар театрының өтуі үлкен жетістік. Керекуліктер Конья қаласында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» пьесасын қойды. Ұйымдастырушылар жатар орын мен ішер тамақты мойындарына алғанымен жол қаражатын театр өзі көтеру керек екен. Ал, билет алуға театрдың шамасы жетпейді, қалтасы таяз. Оның үстіне 90-жылдардың басында алғаш театр құрылғанда шымылдығы осы «Айман-Шолпанмен» ашылған. Демек киімдері ескірген. Жаңа костюм тағы керек.
- Департамент басшысына жағдайды айтып барғанымда «ақшаны өздерің табыңдар!» деп шығарып салды. Ал біздің жарнамаларды Конья қаласында әлдеқашан іліп қойған, бармасақ болмайды. Ақыры әкімге шағынуға мәжбүр болдық, - дейді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ-музыкалы драма театрының бас режиссері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерсайын Тәпенов. Тек әкімнің тапсырмасынан кейін ғана мәдениет департаменті жолға қаржы тапқан.
Республикалық жарыстарды былай қойғанда көптеген халықаралық сайыстарда жеңімпаз болып, «алтын дауысты бала» атанған Павлодарлық 11 жасар Бауыржан Жексенаев облыстық мәдениет департаменті басшысының кесірінен Керекуде сахнаға шыға алмай жүр. Бауыржанның әжесі Алтын Мүрсәлинованың айтуынша Испанияда өткен балалар фестиваліне шақырту алған Бауыржанды жібермек болып мәдениет департаментінен ақша сұрағанда А.Қанафина сырт қараған. Ақыры Алтын әжей пәтерін жарты миллион теңгеге кепілге қойып немересін Испанияға жіберді. Бауыржан ол сайыстан I дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.
- Осы жағдайды жергілікті БАҚ өкілдері жария еткеннен кейін мәдениет департаментінің басшысы баламды сахнаға шығармай қойды дейді Алтын Мүрсәлинова. Тағы бір талантты скрипашы жеткіншек Мәдина Адамова Италияға барып бірінші жүлдені алып келді. Оған да қаражатты ата-анасы өз қалталарынан шығарған. Өйткені мәдениет департаменті мәдениетті қолдауға келгенде ауыздарын құр шөппен сүртеді. Ал, шет елдің шолан-шошырақ қайдағы бір әншісымақ біреулері келе қалса, ондайларға жыртылып айырылады. Міне осындай «игі істерді» атқарып жатқан Павлодар облыстық мәдениет департаментінің бастығы А.Қанафина тек көріктілігінің арқасында әкімдерге жағып, саланы 11 жылдан бері басқарып келеді. Оның билікте «біраз» отыруын әркім әр саққа жүгіртеді. Қайсыбіреулер оның «ана жақта» қолдаушысы бар деп жоғарыға саусақ шошайтады, ал Қанафина ханым бұл сиқырлыққа «сұлулығым» себепкер дейді.    

Есенбек Санатұлы
Павлодар облысы

0 пікір