Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2797 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ШЫМКЕНТ — ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ЕНДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮШІНШІ ҚАЛА

Оңтүстік Қазақстан облысы – халық саны ең көп өңір. Мұнда 2 788,5 мың адам тіркелсе, оның 60 пайызын ауыл тұрғындары құрайды. Ал жыл сайын 70 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Бұл — еліміздегі туылатын сәбилердің бестен бірі. Сол себепті біздің облыс жүйе жасаушы, стратегиялық маңызды өңір болып саналады. Жалпы, күнгейде 110 медициналық көмек көрсететін ұйым, 188 дәрігерлік амбулатория, 37 емхана және 8 ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер құрылды. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында осынау маңызды салаға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, облыста соңғы жылдары 310 денсаулық сақтау нысаны салынып, ел игілігіне берілсе, 152 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Материалдық-техникалық жабдықтар жаңарып, заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Бүйрек пен бауыр трансплантациясы жолға қойылды. Ана мен бала өлімі азайды. Осындай жетістіктеріміз осы салада аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың арқасы. Өңірде жалпы 7303 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде 2 мыңнан астам. Ал мейірбикелер саны – 22134, ауылдық жерлерде – 7848. Бір айта кетерлігі, кадр тапшылығы 2 есеге төмендеген. Сондай-ақ, мамандарды үздіксіз оқыту жүйесі жолға қойылған. Сол себепті жыл сайын оқытылатын мамандардың саны 12 мыңға артты. Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Шымкент пен Түркістан қаласында 4 перинаталдық орталық ашылды. Тағы бір айта кететін жайт, Шымкент — трансплантологиялық көмекті ендіру бойынша республикада үшінші қала. Қалада 55 пациентке бүйрек алмастыру, 3 пациентке бауыр алмастыру операциялары жасалды. Және де неонатальды хирургия мен кардиохирургия дамып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2203
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624