Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3010 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО БАСШЫЛАРЫ АҚШ КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Бас Консулы Марк Муди мырза ресми сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Кездесу барысында жоғары мәртебелі қонақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұловпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, оларға біздің өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Кездесу барысында ОҚО-ның медицина мекемелеріндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де болды. Американдық тарап оңтүстікқазақстандық дәрігерлерді онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды, сонымен қатар балалардың ми салдануы ауруларын заманауи емдеу тәсілдерімен таныстыру мақсатында АҚШ-тың жетекші университеттері мен зертханаларында тәжірибеден өткізуге ықпал етуге дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, өңір басшысы білім беру саласына ІТ технологияны ендіріп, оны қала мен ауыл мектептерінде қолжетімді ету облыс басшылығының басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу нәтижесі бойынша М.Муди американ делагациясының атынан қонақжай өңірімізге алғысын білдіріп, ОҚО-ның инвестиция тарту мүмкіндігін бағалады. Облысқа іс-сапар аясында, американдық делегация Назарбаев зияткерлік мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты конференцияға қатысуды жопарлауда.

Оңтүстікке арнайы келген АҚШ консулымен Шымкент қаласының әкімі де жекелеген кездесулер өткізген. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Америка құрама штаттарының Алматыдағы бас консулы Марк Муди, саясат және экономика бөлімінің консулы Тимоти П. О’ Коннормен кездесті. Қос тарап әңгімелесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті. Кездесуде қала әкімі америкалық делегаттарға жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent Сity» заманауи тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды. 
Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул Марк Муди қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Қала басшысы шаһардың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, әлемдік экономикадағы іскерік қарым-қатынастарда кеңінен қолданылатын ағылшын тілінің білім ұяларында тереңдетіп оқытылуы керектігін айтып өтті. Өз кезегінде, қонақтар қалада бой көтеретін халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624