Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3947 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ 1-ШІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданы әкімдігінде Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының консультанты  Б.Ералиев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 1-ші институционалдық реформасы және  жаңадан қабылданатын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жобасының талаптары мен енгізілген жаңашылдықтар бойынша  ақпараттық-түсіндірме жүргізді.

Оған аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ орталық органдарлың аумақтық бөлімше басшылары мен әкімдікке қарасты мекеме басшылары қатысты.

Б.Ералиев өз сөзінде Ұлт Жоспарын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жобасы әзірленгенін, жаңа заң жобасында қызмет бабына сай және конкурстық негізде өсуді күшейтілетінін атап өтті. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке қабылдау және    мансаптық өсу  сапалы атқарылған қызметінің есебінен жүзеге асыралатын болатынын, «Б» корпусының кадр резерві және ауысу  тәртібімен орналасу тоқталылатыны, сондай-ақ Этика жөніндегі кеңесші  лауазым пайда болатыны туралы айтып өтті.

Лекция барысында  қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы екені мәлім. Енді осы талаптар мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның даму жолына арналған бес институттық реформасын жария етті. Осы реформалар аясында жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және мемлекетімізді дамыған елдердің үздік отыздығының қатарына қосуға бағытталған бағдарлама.

www.sairam.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар