Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 8803 0 пікір 22 Маусым, 2015 сағат 19:28

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРДІК!

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне қатысты келіссөздерді табысты аяқтады, енді осы ұйымның құрамына 162-мүше болып енеді деп хабарлады бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауына сүйенсек, Назарбаев бүгін ДСҰ-ға кіру келіссөзінің аяқталуына қатысты арнайы үндеу жасаған. "Бүгін Женевада жұмысшы тобының соңғы отырысы болды. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қатысты келіссөздердің аяқталғаны ресми түрде жарияланды. Бұл оқиғаның біз үшін тарихи маңызы зор. Қазақстан ДСҰ-ның 162-мүшесі болады. ДСҰ-ға кіру біздің экономикамызға жаңа көкжиек ашады. Бұл біздің кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуына, ал тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді таңдауына мүмкіндік береді" деді ҚР президенті.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, көрші Қырғыз елі аталған ұйымға 1998 жылдан бері мүше болып келеді.

Abai.kz

0 пікір