Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3259 0 пікір 9 Шілде, 2015 сағат 16:13

ҚАЗАҚСТАНҒА 19 ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ ВИЗАСЫЗ КІРМЕК

Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 483 қаулысына сәйкес 2015 жылдың 26-шілдесінен бастап, 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін 19 мемлекеттің азаматтары 15 күнге дейін визалық талаптардан босатылады. Baq.kz-тің хабарлауынша, Бұл туралы бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

«Сыртқы істер министрлігі шетелдік инвесторларды қазақстандық жобаларға тарту мақсатында көптеген жұмыстар істеп жатыр. Соның біреуі осы миграциялық мәселе. Оның ішінде визалық режимді алып тастау. Біз қазір Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония елдеріне 2015 жылдың 16-шілдесінен 2017 жылдың 31-желтоқсаны аралығында 15 күнге дейін визалық талаптар алып тастайтын болдық. Бұл Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 483 қаулысына сәйкес. Жоғарыда аталған 19 мемлекеттің азаматтарына Қазақстан шекарасынан асқаннан кейін 15 күн ішінде визасыз жүрулеріне және елімізге қанша рет болса да кіріп, немесе шығуларына ешқандай шектеу қойылмайды. Бірақ сол 15 күн ішінде оллардың еліміздің еңбек етулеріне, миссионерлік қызметпен айналысуларына және басқа да ақылы жұмыстармен айналысуларына шектеу қойылады, – деп мәлімдеген Р.Жошыбаев.

Абай-ақпарат

0 пікір