Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4148 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 18:27

ҚЫТАЙДА АБАЙДЫҢ 170 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Қытайда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған шаралар өтті.  Бейжіңде алғаш рет өткізіліп отырған Абай оқуларына танымал қытайлық және қазақстандық қоғам қайраткерлері, сонымен қатар жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады. 



Қытай астанасындағы ең көрікті саябақтардың бірі Чаояңда Абай ескерткіші 2012 жылы орнатылған болатын. Бүгінде бұл жер Бейжіңдегі қазақтар жиі серуендеп, рухани демалатын жерге айналған. Алдымен шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Содан кейін қазақ және қытай  ақындарының өлеңдері оқылды.

Ел болашағы жастарды кемел келешекке бастайтын қайнар бұлақ – Абай мұрасы. 

Қытайдағы қазақ тілді сайттар да хакім Абайдың 170 жылдығы туралы жарыса жазды.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туылып, 1904 жылы 6 шілдеде өмірден өткен.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661