Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 07:31

Әзербайжан Малайзияның MEASAT операторымен ұлттық спутник үшін орбитаны жалға алу туралы келісімге отырды

Баку. 26 мамыр. ҚазТАГ - Ыстамбұлда Әзербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі мен Малайзияның спутниктік операторы MEASAT арасында әзербайжандық Azerspace спутнигі үшін орбитальді позицияны жалға алу туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Trend министрлікке сілтеме жасап.

Өндірушімен негізгі келісімшартқа Әзербайжан аумағында 27 мамырда қол қойылады. Azerspace серігін АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation компаниясы жинайды.

Министрліктің жоспарларына сәйкес, алғашқы серікті орбитаға ұшыру 2012 жылдың маусымына белгіленіп отыр.

Басында спутникті американдық зымырантасығыш «Фалконның» көмегімен ұшыру қарастырылған болатын, бірақ американдық жоба кешігіп жатқандықтан, министрлік спутникті «Зенит» зымырантасығышымен ұшыру бойынша Укроборонсервиспен келіссөз жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, министрліктің алдында тұрған басымдықты мәселелердің бірі серіктің ресурстарын жүзеге асыру болып отыр. Бұрын хабарланғандай, Малайзия Azerspace серігі ресурсының 40% сатып алу ниетін танытқан болатын. Жалпы алғанда, министрлік Azerspace ресурсының 80% халықаралық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр, қалған 20% республикаішілік деңгейде пайдаланылады.

Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, серіктің құны 163 млн манаттан асады. Спутниктің өзі 87 млн манат болса, 40 млн манат оны орбитаға шығаруға, 16 млн манат спутникті басқару орталығын салуға, қалған 18 млн манат оны 100% сақтандыруға бағытталады.

Спутникті пайдалану мерзімі - 15 жыл, ақтау мерзімі - бес жылға жуық.

Спутникті орбитаға шығару Әзербайжанды ғарыш индустриясы бар мемлекетке айналдыру бойынша перспективалы жобаларды жүзеге асырудағы алғашқы қадам болмақ.

0 пікір