Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Өз сөзі 4185 0 пікір 15 Шілде, 2015 сағат 09:39

ТОҚАЕВ: «САПАСЫЗ ЗАҢМЕН ЕСІКТІ ТЫҚЫЛДАТПАУ КЕРЕК...»


Көптен бері көптің көңілінде қалатындай мәнді де жанды сөз айтпаған Парламент сенатының төрағасы Қасымжомарт ТОҚАЕВ кеше «атының басын» әжептәуір жіберіп-жіберіп алды. Әсіресе көптеген заң жобаларының министрліктер тарапынан өте-өте асығыс дайындалатынын атап айтты. Саны бар да... сапасы сын көтермейтін заң жобаларының қалай болса солай «шапқылап» кеп – Парламент «есігін тықылдатып» тұратынын тілге тиек етті. Жап-жақсы айтты. Мәдениетті түрде айтты. Тыңдаған құлақ болған болса әлбетте.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға қатысты 113 заң жобасы қаралды. Қаралды да – қабылданды, - деді ҚАСЫМЖОМАРТ мырза, - бұлардың ішіндегі Елбасының мемлекетті басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған ең маңызды да маңызды дегендері жедел түрде қабылданды. Ал енді алдағы сессияларымызда кәсіпкерлікті дамыту мәселесі алдыңғы орындардың біріне шығуға тиіс, бұл үшін әлбетте, кәсіпкерлік Кодексінің жобасы қаралатын болады. Әйтсе де Үкіметімізге қарата тағы бір қайталап айтарым – алдағы уақытта заң жобаларының сапасына қатты мән берілге тиіс, өйткені бүгінгі дейінгі сапасыз әрі асығыс қабылданған заң жобаларында біріне-бірі сәйкес келе бермейтін қарама-қайшылықтар көптеп кездеседі...»

Сенат төрағасы, сондай-ақ, осы сессия барысында конституциялық талаптарға сәйкес палата құрамының жаңартылғанын, олардың ішінде тәжірибелі мамандармен бірге іскер жетекшілер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің де бар екенін атап өтті. «Өздеріңіз білесіздер, алдағы уақытта бізді үлкен-үлкен жұмыстар күтіп тұр. Президентіміз айтқандай, найқалып-шайқалуға уақыт жоқ...» деді ол сөзінің соңында.

Негізі, Қасымжомарт Тоқаев басынан бақайшағына дейін тап-таза дипломат адам ғой, содан ба екен – алғашқыда әріптестеріне «өте-өте мәдениетті түрде» ұрсып-ұрсып алғанменен, әңгімесінің аяғына қарай өздерінің жаман жұмыс істемегенін де жымиып күліп тұрып есіне алды. ПАРАДОКС – қысқасынан қайырғанда!

 

Марат МАДАЛИМОВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678