Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3463 0 пікір 16 Шілде, 2015 сағат 12:00

АЛДАҒЫ АПТАДА АПТАП ЫСТЫҚ САҚТАЛАДЫ

Шілденің ми қайнатар ыстығы Қазақстанның барлық өңірін шарпып келеді. 15 шілдеде Шымкентте ауа температурасы 49 градусқа дейін көтерілсе, Еліміздің орталығы мен шығысында сынап бағаны 43 градусқа дейін жеткен. Ыстық мезгілінде өзен-көлге шомылушылар да жиілеген. Ал, Каспийге маңындағы ақтаулықтар қазір суға түсе алмай қалған. Теңіздің температурасы күрт салқындаған.

+ 49 градус! КТК-ның хабарлауынша, Шымкенттегі сынап бағандарынан осы сан бірнеше күннен бері түспей тұр. Тек түнде 10-15 градусқа бәсеңдейді. Күннің аптабы жаз бітпей жатып, жасыл желектерді сарғайтып жіберген. Асфальт жолдар ери бастады. Қазір мұндағы жедел жәрдем қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Ми қайнатар ыстықтан түрлі аурулар өршіп, шақыртулар 40 пайызға артқан.

Алматыда болса 15 шілде де ауа температурасы 43 градусқа жетті. Алматыдағы ыстықтан жапа шегушілердің саны көбейіп барады. Күніне жедел жәрдем стансасына келіп түскен қоңыраулардың саны 2-2,5 мыңға дейін артқан. Оның ішінде күннің ыстығынан қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырған, басынан күн өткен адамдардың саны да өскен. 

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, таяу күндері күннің көзі қайтпайтын түрі бар. Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал, Қызылордада 46 градусқа дейін жетеді. Аптап ыстық 20-шілдеге дейін тұрады деп болжануда. Сондықтан мамандар, тапа-тал түсте далаға шықпауға кеңес береді. Шығыс Қазақстан облысында 18-20 шілдеде күндіз синоптиктер +40+43°C ыстық болады деп болжауда.

«Ауа температурасының өте жоғары болуына байланысты республикамыздың оңтүстік аймақтарында ескертулер жарияланды. Кейбір жерлерде оңтүстік аудандар да ауа температурасы 40-45 градус шамасында ысиды деп болжануда. Фронтальді бөліктердің өзгеруіне байланысты республиканың кей жерлерінде шаңдақты дауылдар соғып, ми қайнатар қапырық ауа шіліңгір шілденің соңына дейін созылуы мүмкін», - дейді «Казгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің маманы Нұрлан Абайұлы. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2109
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625