Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4844 0 пікір 16 Шілде, 2015 сағат 12:33

ШАХАНОВҚА «ТҮРІК ӘЛЕМІНДЕ» ЖАҢА ҚЫЗМЕТ БЕРІЛДІ

15 шілдеде, Ахмет Дағдуран басшылығындағы Түркі халықтары мәдениеті қорының ұйымдастырурымен өткен ауызашарда Мұхтар Шахановқа «Түркі әлемі парламентариялық одақ» ұйымының Қазақстан төрағасы құзіретін беретін ресми құжат табысталды. Ұйымның орталығы Анкарада орналасқан. Қазақстандағы хатшысы Нұрғали Жүсіпбай.

Ауызашарға жиналған жұртқа Turkalemitv.com - интернет жүйесі арқылы 24 сағат қызмет атқаратын жаңа жоба смарт телеарна таныстырылды. Арнаның Төрағаасы Ихсан Дағдуран. Телеарнаның эфирі түрік халықтарының барылқ тілдерінде жүреді.

Естеріңізге салатын болсақ, 2013 жылы Нью-Йоркте өтекен «Түркі күні» атты мәдени-ғылыми конференцияда Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының иегері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа  «Түркі әлеміне дара қызметі үшін» халықаралық сыйлығы табыс етілген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624