Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5352 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 17:32

ОҚО-ДА 18-ГЕ ТОЛМАҒАН 350 ҚЫЗ ЖҮКТІЛЕР ЕСЕБІНДЕ

Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Мұндай санды ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев атаған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады және ол қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына әсер етеді", - деген Тұтқышев.

«Олардың ата-аналары, ағалары бар. Ендеше мұндай жағдайға қалайша тап болды? Бұл жерде проблеманың барлығын мемлекетке арта салуға болмайды, проблема үйдегі тәрбиеден, отбасыдан шыққан дер едім", - дейді Тұтқышев жергілікті басқару органдарынан алған дерегіне сүйеніп.

Бұған дейін Жыныстық және репродуктивтік саулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басшысы Галина Гребенникова жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейінің жоғары қалыпта сақталып отырғанын айтқан болатын.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2109
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625