Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 22 Шілде, 2015 сағат 11:59

Республика бойынша шығарылған барлық сот актілерінің 98,6% заңды әрі негізді деп танылды

Бүгінгі таңда республикамыздың сот жүйесі артқан сенімді ақтап отыр. Шығарылған барлық сот актілерінің 98,6% заңды әрі негізді деген хабар Астанада өткен Жоғарғы соттың кеңейтілген жиналысында мәлімденді. Бұл іс-шара 2015 жылғы I жартыжылдықтың сотжүйесінің жұмысыныңнәтижесіне арналған.

Осындай көрсеткіш судьялардың өз жұмысын әділдікпен атқарып, халыққа қызмет еткенін дәлелдейді. Сонымен қатар, азаматтардың соттармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. Жоғарғы сотта «Сот құжаттарымен танысу» онлайн сервисі іске асырылып, жұмыс істеуде. Сервис арқылы белгілі бір сот ісі бойынша сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады. Мұндай ақпараттық жоба сот жүйесінің ашықтығын көрсетеді және бюджет қаржысын барынша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Аталмыш жиында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми,  Президент Әкімшілігінің мемлекеттік – құқық бөлімінің меңгерушісі А.Ракишева, Бас прокурордың орынбасары Ж.Асанов, Жоғарғы Сот судьялары, облыстық судьялар, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және  аймақтық бөлімшелердің қызметкелері қатысты.

Абай-ақпарат

0 пікір